Ауыл мектебінде дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру
Карыбаева Сауле Шешкеновна – Қарақол орта мектеп-бақшасының математика пәнінің мұғалімі, ҚР Білім беру ісінің үздігі
Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан мынандай тұжырымдама бар. Озық елдер өздерінің білім саласындағы жетістікке жетуін негізгі үш міндетпен байланыстырады. Олар:
ұстаздардан әрбір балаға тең дәрежеде көңіл бөлуді талап ету;
педагогикалық кадр құрамының кәсіби деңгейінің жоғары сапасын үнемі бабында ұстау;
мұғалімдік қызметке барынша дарынды жандардың тартылуына көңіл бөлу.
Ауыл мектебінде осы 3 міндеттің біріншісі орындалғанмен, соңғы екеуінің жүзеге асуы екіталай. Оған әртүрлі объективті және субъективті себептер баршылық.
Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. 2011 жылы білім беруді дамытудың жаңа кезеңі басталды. Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойды
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
«Дарындылық тұжырымдамалары» атты психологтар дайындаған құжатта «Дарынды бала дегеніміз – айрықша жетістіктермен ерекшеленетін және іс-әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтамыз» делінген.
Оқушы дарындылығын, қабілетін қалай анықтауға болады? Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гете, Архимед) қабілеті ерте жасында байқалады? Ал кейбір адамдардың (Ньютон, Дарвин, Менделеев) ересек жасында пайда болады? Осы сұрақты талмай іздеп таба білген ұстаз ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жүргізе алады. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет.
Менің ұстаздық ұстанымым: бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін өмірде жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Дарындылықты дамыту үшін оқушыға талап қоя отырып, олардың шығармашылығын шыңдап, жақсы нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік беремін.
Дарынды оқушылармен жүргізетін жұмыстарымның мақсаты:
Жан-жақты дамыған, білімді, білікті жеке тұлғаны қалыптастыру
Оқу - тәрбие жұмысының негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы, гуманды - тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану,
Ауыл баласының білім кеңістігін, ой-өрісін қала баласына жақындату.
Міндеттерім:
Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру;
Оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу - тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану;
Оқушының өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдай туғызу;
Ауызша, жазбаша тілдік қорларын арттыру. Логикалық тапсырмаларды орындауға, дәлелдей біліуге дағдыландыру;
Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мынадай жұмыс түрлерін қолданамын:
1. Дарынды оқушылардың қызығушылығын анықтау;
2. Дарынды оқушылардың қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
4. Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу;
5. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру;
6. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілтін жұмыстарға – пәндік олимиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы түрде жүргізу.
«Дарынды балалар» бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылының басында дарынды балалармен жұмыс жоспары жасалып, бала дарындылығын дамыту жүйесі толықтырылады.
1994 жылдан бері (18 жыл) мен мектепте тереңдетілген математикалық сыныптарда сабақ беріп келемін. Оқыту процесінде дидактикалық принциптер жүйесін қолданамын. Атап айтқанда: қызмет, үздіксіздік, математика ғылымы туралы тұтас ұғым, психологиялық қолайлы ахуал, варианттылық, шығармашылық. Тереңдетіп оқыту мақсатым – оқушыларға нақты білім берумен қатар, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету, оның түрлі жолдарын іздестіруге жол сілтеу, олардың ойлау жүйесін, талдай білу және дәлелдей білу қабілетін дамыту. Оқушыларға базалық минимум, және тереңдетілген минимум білім беру және талап ету.
Оқу бағдарламасын жасағанда білім стандартының талаптары толық сақталады. Оқу мазмұнына базалық блок тапсырмаларымен қатар жоғары, шығармашылық деңгейдегі материалдар қосылады. Бұл өз кезегінде сыныптың барлық оқушыларының, соның ішінде дарынды балалардың да білім алу тұрғысынан жан-жақты дами түсуіне ықпал етеді.
Сабақ процесінде проблемалық ситуацияларды талдау, тапсырмаларды өз бетінше зерттеп-игеру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға тарту мәселесіне көп көңіл бөлемін. Оқытудың интерактивті әдістерін (мұғалімнің де, оқушының да функцияларын қамтиды) блокты, модульді оқыту жүйесін пайдалануға байланысты ұжымдық оқытудың әртүрлі формаларын қолданамын.
Тереңдетіп оқытудың негізгі факторлары:
Әлеуметтік-дидактикалық:
Білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім;
Құндылықтарды дұрыс бағалауы қалыптасқан оқушылар ұжымы;
Оқыту ісіне қажетті құралдар;
Оқушы – мұғалім арасындағы өзара құрметке негізделген сенімді қарым-қатынас.
Психологиялық-дидактикалық:
Оқушыларға тән оқып-үйрену деңгейінің бағдарлама талаптарына сай болуы;
Оқу мен еңбек мотивтерін қалыптастыруда міндетті деңгейге қол жеткізілуі;
Оқу процесін ұйымдастыруда дидактикалық принциатер мен ережелердің сақталуы;
Оқытып-үйретудің белсенді формалары мен әдістерін қолдану.
Математикадан үйірме жұмыстарында, факультативтік сабақтарда пәнге қызығушылық танытқан оқушыларға олимпиада, логикалық есептерді талдай отырып шығартамын. Бұл олардың ой-өрісін математикалық қабілетін дамытудағы тура жолдың бірі.
Дарынды балаларды анықтап, дамыту үшін мына технологиялық картамен жұмыс істеймін:
Жұмыс түрі
|
Қашан?
|
Не үшін?
|
Не істеу керек?
|
Қалай істеу керек?
|
Сабақтағы жұмыс
|
Оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін жүйелі қадағалау, нәтижені есепке алу, диагностика жүргізу
|
Танымдық қызметтің белсенді формаларына қатыстыру үшін
|
1.Сыныпта творчестволық қолайлы ахуал қалыптастыру
2.Оқуға танымдық қызығушылық және қажеттілік қалыптастыру
3. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру
|
1. Озып оқу тапсырмалары
2. Жаппай тақырыпты меңгеру
3. Карточкамен жұмыс
4. Пікірталас жүргізу
|
Сабақтан тыс жұмыс
|
Үнемі
|
1.Оқуға қызығушылық, қажеттілік қалыптастыру
2.Оқушыға өзі қалаған салада өзін көрсету мүмкіндігін беру
3.Оқушы қабілетін дамытудың жоғары жеңгейіне жету
|
Дарынды оқушыларға жекелей бағытталған жұмыстар жүргізу
|
1.Жекелей және топтық консультациялар
2.Олимпиадаларға, интеллектуалдық ойындарға қатысу
3.Жоба қорғау
4.Геометриялық есептердің модельдерін жасау
5.Пән үйірмелеріне қатысу, творчестволық тапсырмалар орындау
|
Тәрбие жұмысы
|
Үнемі пән мұғалімдері тарапынан бақылау жасау
|
1.Оқушының жеке басын қалыптастыру
2.Оқуға сұраныс қалыптастыру
3.Оқушының өзіне сенімділігін арттыру, есептің шешімін табуға ынталандыру, өз шығармашылығына қанағаттану сезімі.
|
1.Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарау
2. Мәдениетті орта қалыптастыру
|
1.Үйірмелерге қатыстыру, өзін-өзі басқару күні, табиғатқа саяхат
|
Ата-анамен жұмыс
|
Жүйелі түрде жоспарлы кестеге
|
Ата-анаға кәсіптік-педагогикалық көмек көрсету
|
1.Оқушының ішкі және сыртқы талаптарын келісе отырып орындау
2.Ата-анаға көмек беру
|
1.Ата-аналардың педагогикалық оқуы
2.Жекелей жұмыс
|
Оқушылардың дарынын дамыту олардың бәсекелестікке қабілеттілігін ғана арттырмайды, оларды болашақ өмірге дайындап, мамандық таңдауына да әсер етеді. Оқушылардың математикаға қабілеттілігі – ол бір құбылыс. Ол қабілеттіліктертің төмендегідей 3 компонентін бөліп алуға болады:
Сондықтан оқушыларға осы 3 компонентті де қамтитындай есептер беремін. Осындай есептерді біртіндеп шығару арқылы олардың математикалық есеп шығару мәдениеті қалыптасады.
Математиканы оқытудың күре тамыры оқушылардың сабақта, үйде есеп шығару дағдысын қалыптастыруға әкеледі. Мұғалім үшін ең үлкен пробема – оқушыны тәрбиелей отырып дамытатын, оған математиканы өздігінен шығармашылықпен үйренуге бағытталған есептер жүйесін анықтау болып табылады, ол өз кезегінде балаға өмірде математикалық білімді ары қарай белсенді қолдана білуге негіз болады.
Сабақта, сыныптан тыс сабақтарда немесе үйде шығарылатын кез келген есеп оқушыны міндетті түрде бір нәрсеге үйрету керек. Әрбір есеп оқушының математикалық білім, білік, дағдысын, дүниеге диалектикалық-материалистік көзқарасын дамытуда, білімі мен тәжірибесін толықтыруда, әртүрлі ситуациялық жағдайда жол тауып, тығырықтан шығуда алға қадам бастыруы керек.
Мұғалім оқушыға есепті ұсына отырып, оны неге шығартады, оның танымдық функциясы қандай, бұл есепті шығарғанда оқушының қандай ойлау дағдылары дамуы және қалыптасуы керектігін анық жобалай білуі керек.
Әрине, есеп шығару үшін оқушыға әртүрлі математикалық әдістерді; теңдеулер әдісі, векторлар және координаталар әдісі, геометриялық түрлендірулер әдісі, т.б. үйрету керек. Әрбір есептің «дәмін» сезіп, оны шығаруға қажет зерттеушілік мінез қалыптастыру керек. Сонымен қатар, оқушыға есеп шығару барысында қандай дағдыны іліп алғаны туралы өз-өзіне есеп беруді және жадыда қайсысын сақтау керектігін үйрету керек.
Арнайы даярланған жаттығулар арқылы оқушыларды байқампаздыққа, аналогия, индукция, салыстыру, дедукция және қорытынды жасауға үйретуге болады. Тек қана логикалық талдаумен шектелмей, міндетті түрде шығармашылық ойлау дағдысын берік қалыптастыру керек.
«Таңырқау –жаңалық ашудың анасы» -деп физик Луи де Бройль тегін айтпаған. Оқушыны бәрінен гөрі көп таңырқатып, оны проблемалық ситуацияға душар ететін нәрсе –ақпараттың жаңалығы, әдеттен тысқарылығы, кенеттілігі, оғаштығы, бұрынғы түсініктерге сәйкессіздігі, әсемдігі болып саналады. Тұтас алғанда бұлар танымдық қызығудың сезімдік –ойлау процестерін ширата түсетін аса күшті түрткілер болып табылады.
Осы мақсатта мысал үшін 6-7 сынып оқушыларына келесі жаттығуларды ұсынуға болады.
Мына тепе-теңдіктерді байқап көр:
Мұндағы жалпы заңдылықты жазып көрсет.
(а+в=а*в, мұндағы a>0, b>0)
Осы қасиетке ие басқа сандар жұбын қалай табуға болады?
(Кез келген бір санды таңдап, келесі санды теңдеу арқылы анықтаймыз.)
Мына тепе-теңдіктерді байқап көр:
Көрсетілген заңдылықты жалпы түрде қалай жазуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |