6-параграф. Аэрофотогеодезист
116. Лауазымдық міндеттері:
топографиялық және арнайы карталарды (жоспарларды) құру бойынша фотограмметриялық және геодезиялық жұмыстар кешенін орындайды; түсірілімдердің аэроғарыштық және жер бетіндегі әдістерін қолданады, қозғалатын және басқа да объектілердің координаталарын анықтайды; аспаптарды тексерудің күнтізбелік кестелерін әзірлейді;
мазмұны тиісті техникалық нұсқаулықтарды, сонымен қатар бірыңғай өнімділік (уақыт) нормаларында анықталған фотограмметриялық, стереотопографиялық және басқа да аэрофотогеодезиялық жұмыстарды орындайды;
жаңа техниканы енгізудің перспективалық және жылдық жоспарын орындауға, аэрофотогеодезиялық және фотограмметриялық жұмыстарды жүргізу үшін салалық жоспарларына, топографиялық-геодезиялық өнімдерді жетілдіру бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарларына ұсыныстар беруге, жобалау үшін техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысады;
технологиялық жабдықтарды белгіленген нақтылық нормаларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
117. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының заңнамалық және геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды далалық және камералдық орындау жөніндегі әдістемелік материалдарды; стандарттар және өлшеу құралдарын пайдалану, тексеру, юстировкасы және сақталуы бойынша басқа нормативтік құжаттарды; өндірілетін өнімге қойылатын техникалық талаптарды, оны өндіру технологиясын; өлшеу құралдарының техникалық мінездемелерін, конструктивтік ерекшеліктерін, оларды жөндеу технологиясын; еңбекті қорғау, оның ішінде стереофотограмметриялық жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
118. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман (сарапшы):
Жетекші сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және сарапшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 14 жылдан кем емес;
сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және картограф лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 11 жылдан кем емес;
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман(инженер):
Жоғары санатты: (геодезия, картография, аэрофотогеодезия) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және бірінші санаттағы аэрофотогеодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: (геодезия, картография, аэрофотогеодезия) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және екінші санаттағы аэрофотогеодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: (геодезия, картография, аэрофотогеодезия) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (аэрофотогеодезиялық) білім және аэрофотогеодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: (геодезия, картография, аэрофотогеодезия) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (аэрофотогеодезиялық) білімі болуы керек, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман (техник):
жоғары санатты: (геодезия, картография, аэрофотогеодезия) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және бірінші санаттағы аэрофотогеодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: (геодезия, картография, аэрофотогеодезия) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және екінші санаттағы аэрофотогеодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: (геодезия, картография, аэрофотогеодезия) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және аэрофотогеодезист лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: (геодезия, картография, аэрофотогеодезия) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |