Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет38/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

8-параграф. Ветеринар дәрігер

122. Лауазымдық міндеттері:


шаруашылықтың жануарлардың ауруы мен өлуінің алдын алу жөніндегі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын жасайды;
ауырған мал мен құсты емдеуді жүргізеді, жануарларды ұстау, азықтандыру және оларды күтіп-бағу кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық қағидалардың орындалуын қадағалайды;
мал шаруашылығы фермаларында, мал базаларында, малдан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу және сақтауға арналған аумақтарда және үй-жайларда дезинфекция, дезинсекция, дератизация және дезактивация жүргізуді ұйымдастырады;
зертханалық зерттеулерге арналған сынама іріктеуін жасайды;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
бекітілген жаңа ветеринария құралдарын, ветеринария саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені енгізеді;
ұйымда Қазақстан Республикасының және Кеден одағының ветеринария саласындағы заңнамалары, ветеринариялық-санитариялық қағидалары және халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау жөніндегі қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
ветеринария бойынша есептің жүргізілуін және белгіленген есептіліктің дайындалуын қамтамасыз етеді;
табынның өсімін молайту кезінде ветеринариялық-санитариялық қағидалардың орындалуын қадағалайды;
аналық бастың қысырлығын болдырмау және жою, сау төл өсіру бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асырады;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
123. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», 
«Ветеринария туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, микробиологияны, эпизоотологияны, дәрілік және дезинфекциялық заттарды, оларды қолдану қағидаларын, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясын, оның сапасына қойылатын талаптарды, жануарларды ұстаудың зоогигиеналық және ветеринариялық қағидаларын, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптау қағидаларын, қолдан ұрықтандыруды жүргізу технологиясын, ветеринария және ветеринариялық сараптама саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
124. Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санатты ветеринар дәрігер: (Ветеринарлық медицина) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және ІІ санатты ветеринар дәрігер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
ІІ санатты ветеринар дәрігер: (Ветеринарлық медицина) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және санаты жоқ ветеринар дәрігер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Санаты жоқ ветеринар дәрігер: Еңбек өтіліне талап қоймастан (ветеринарлық медицина) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет