7-параграф. Бактериолог
119. Лауазымдық міндеттері:
карантиндік-фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді;
өлген малдарды байқап қарауды және союды жүргізеді;
жануарлар ауруларының қоздырғыштарын анықтауды және типке жатқызуды жүзеге асырады;
жануарлардың аса қауіпті ауруларының жасырын нысандарын анықтайды;
зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;
карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық және отандық стандарттар талаптарына сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;
зерттеу және санитарлық өңдеу жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттаманы, сондай-ақ, зерттеулер нәтижелерін ресімдейді, олар бойынша сараптама актісін береді;
бокстың зарарсыздандыруды, жұмыс орнын өңдеуді, құрал-сайманды стерилдеуді жүргізеді, реактив ерітінділерді, қоректік ортаны дайындайды;
жүргізілген талдаулардың нәтижелерін ресімдейді және есептейді, биологиялық материал қалдықтарының жойылуын қамтамасыз етеді;
өз құзыреті шегінде ұйым жұмысшыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
бактериология саласында экспериментальдық зерттеулер жүргізеді;
жаңа жұмыс әдістерін әзірлеуге қатысады;
зертханалық зерттеулерге арналған сынама іріктеуін жасайды;
жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулерді талдауды және есебін жүргізуді жүзеге асырады;
коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;
Белгіленген есептілікті жүргізеді.
120. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
«Өсімдіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктер карантині туралы»,
«Ветеринария туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды, зертханалық жабдықты пайдалану қағидаларын, ветеринариялық микробиологияны, бактериологияны және фитопатологияны, өсімдіктер аурулары зияндылығының экономикалық шегін, жануарлар мен өсімдіктердің бактериалды аурулары қоздырғыштарын бірдейлендіру әдістерін, жануарлар ауруларымен күрес жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулықтарды, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты сараптаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, материалдарды зертханалық зерттеудің әдістемелерін, жануарлардан алынатын өнімді өндіру және қайта өңдеу технологиясын, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс.
121. Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санатты бактериолог: (Биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және ІІ санатты бактериолог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
ІІ санатты бактериолог: (Биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және санаты жоқ бактериолог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Санаты жоқ бактериолог: Еңбек өтіліне талап қоймастан (биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім.
Достарыңызбен бөлісу: |