17-параграф. Зоотехник
149. Лауазымдық міндеттері.
бөлімшенің (кешеннің, ауыл шаруашылығы учаскесінің, ферманың) мал шаруашылығына ұйымдастырушылық-технологиялық басшылық жасауды жүзеге асырады, бұл ретте мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсімін, оның сапасы арттыруды мен өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз етеді;
мал шаруашылығын қарқынды ету, оны өнеркәсіптік негізге көшіру бойынша іс-шаралар әзірлеуге және жүргізуге қатысады;
жылдық және перспективалы жоспарлар жобаларын әзірлейді;
малдардың өнімділігін арттыру табынның өсімін молайтуды жақсарту және төлдің шығысын ұлғайту бойынша жұмыстарды жүргізеді, асыл тұқымдық жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды орындайды;
жемшөптерді, жайылымдарды және басқа жемшөптік алқаптарды ұтымды пайдалануды ұйымдастырады, фермаларда мал басын ұстаудың, азықтандырудың және күтіп-бағудың жаңа әдістерін енгізеді;
жабдықты, үй-жайды, механикаландыру құралдарын және басқа да қорларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
зоотехниялық құжаттаманы жүргізеді және мал шаруашылығы бөлімшелерінде есепке алуды ұйымдастырады;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
150. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы»
«Ветеринария туралы» Заңы
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, мал шаруашылықтарының қызметіне қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, жануарлардың анатомиясын, физиологиясын және оларды азықтандыруды, асылдандыру ісін, мал шаруашылығы саласындағы ғылым жетістіктер мен озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
151. Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санатты зоотехник: (Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор)және ІІ санатты зоотехник лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
ІІ санатты зоотехник: (Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор)және санаты жоқ зоотехник лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе (зоотехния) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білім және санаты жоқ зоотехник лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Санаты жоқ зоотехник: Еңбек өтіліне талап қоймастан (Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (зоотехния) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білім.
Достарыңызбен бөлісу: |