жер заңнамасында көзделген жерге орналастыру мәселелері бойынша жобалық-ізденушілік жұмыстарын жүргізу;
жерге арналған бірегейлендірілген рәсімдеу және қайта рәсімдеу кезінде алқаптық және өңделетін жұмыстар;
жер учаскесін жергілікті жер учаскесінің шекарасын бекіту және көлемін анықтау мақсатында өлшеу;
жер-кадастрлық ақпаратқа қажетті және өлшеу мәліметтерін жинау және өңдеу;
жер-кадастрлық жұмысты қалыптастыру;
бірегейлендірілген құжатты дайындау;
бағдарламалық жабдық және информациялық жүйе жұмыстарын қамтамасыз ету;
жерге орналасыру бойынша жобалық-ізденушілік жұмыс жүргізу жұмыс жоспары және бағдарламасын әзірлеу;
жердің бағалау жұмыстарын жүргізужер сапасының нашарлауы кезіндегі шығынды анықтау;
жерді түгендеу, геоботаникалық топырақтық ізденушілік, топаграфо-геодезиялық жұмыс және оның мәліметтерін геоинформациялық жүйені қолданып өңдеуді орындау.
153. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»
Қазқастан Республикасының заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін.
154. Біліктілікке қойылатын талаптар:
6,7,8 деңгей: (жерге орналастыру, кадастр) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және қосымша кәсіптік білім.
19-параграф. Кадастр жөніндегі инженер 155. Лауазымдық міндеттері:
кадастрлық қызмет мониторинг және маркетингтік зерттеу жүргізуге арналған техникалық тапсырманы жасау;
жылжымайтын мүлік объектісін және жерді қолдану тиімділігін және маниторингтің жай-күйін, маркетингтік зерттеу өткізу моделін құру;
жергілікті атқарушы органдармен кадастрлық қызмет қағидаларын келісу;
сала және өңір масштабында қоршаған ортаның ластануын және кадастрлық қызмет мониторингінғ маркетингтік зерттеу жүргізу;
заманауи есептеу техникаларын, комуналдық және байланыс, бағдарламалық қамтамасыз ету және геодезиялық жабдықтарды қолдану;
жер қатынастары, мониторинг, жерді бақылау және кадастр саласындағы ақпаратты өңдеп талдау, модел және жинау жүйесін жасау.
156. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»
Қазақстан Республикасы Жер кодексі;
Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін
5,6 деңгей: (жерге орналастыру, кадастр) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және практикалық тәжірибе.