Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет24/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Бюджет құрылысы – бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылы-мымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та –штаттардың, ГФР-да – жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің бюджет-тері); жергілікті бюджеттер. Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджетт*ер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылы-мының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. -
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады (1-сурет).



Сурет 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет