Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет66/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
Эмuссuялық бағалы қағаздар шығару – эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздардың азамат­тық объектi ретiнде пайда болуына бағытталған ic-­әpeкетi, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi, осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы.
Бағалы қағаздармен мәмiлелер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында – қайталама рынокта жасалады. Бaғалы қағаздарды сатып алу-сату шарты тараптардың бiрiнiң талап eтyi бойынша нотариалдық куәландыруға тиiс.
Бағалы қағаздарды бастапқы иеленушілерге сататын эмитенттер мен инвестициялық институттар бағалы қағаздар эмиссиясының проспектін шығарады. Бұл құжатта эмитент, сатуға ұсынылатын бағалы қағаз­дар, рәсім және оларды шығару туралы деректер және сатып алу немесе одан бас тарту туралы шешімге әсер ететін басқа ақпарат болады.
Шығарылымға және айналысқа мемлекеттiк тiркеуден өткен және белгiленген тәртiппен тipкey нөмірін алған бағалы қағаздар жiберiледi.
Бағалы қағаздардың айналысы, яғни инвесторлардың арасында, соның iшiнде инвестициялық институттардың делдалдығы кезiнде оларды сатып алу-сату рыноктық бағалар бойынша жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың бағамы қор биржасында анықталады, ол бағалы қағаздардың табыстылығы нормасына (акциялар үшiн дивидендке, облигациялар үшiн пайызға) тура және несие пайызының бар деңгейiне кepi үйлесiмдi болады. Демек, бағалы қағаздардың бағамы табыс шамасына тiкелей байланысты болады. Атап айтқанда, акциялардың бағамы дивидендтiң көбеюiне орай артады және дивидендтiң төмендеуiне орай құлдырайды.Рыноктық бағам бағалы қағаздар сұранымы мен ұсынымының ара қатынасының әcepiмeн қалыптасады, ол көптеген факторларға және ең алдымен экономикалық факторларға байланысты. Дивидендтер көбейетiн және тиiсiнше бағалы қағаздарға сұраным артатын экономикалық өрлеу кезенiңде олардың бағамы артады, экономикалық дағдарыс кезiнде ол құлдырайды, өйткенi дивидендтер азаяды, несие пайызының нормасы өседі.
Акциялардың бағалары (бағамы) бiр акцияға ұлттық валюта бiрлiгiнде, ал облигациялар мен мемлекеттiк борыштық мiндеттемелер олардың атаулы құнынa (номиналға) пайызбен анықталады. Бағалы қағаздармен жасалынған мәмiлелер оларды белгiленген тәртiппен ресiмдегеннен кейiн ғана заңды деп есептеледi. Эмитент немесе инвестициялық институт бағалы қағаздарды сатарда инвесторларға мәмiле предметi болып табылатын бағалы қағаздар туралы, бұл бағалы қағаздарға салынған жұмсалымдармен байланысты тәуекелдiктер туралы, олардың табыстылығы, табыстарды алу тәртiбi және мезгiлдерi, бұл табыстарға салынатын салық туралы толық және объективтi ақпарат беруi мiндеттi.
Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары бағалы қағаздар эмитенттері, инвесторлар және инвестициялық делдалдар болып табылады. Олар бұл рыноктың құрылымын қалыптастырады.
Эмитент деп эмиссиялық бағалы қағаздар шығаратын заңи тұлғаны, мемлекеттік органды немесе жергілікті әкімшілік органды және бағалы қағаздарды иеленушілердің алдында олар бойынша міндеттемелерді алып жүретінді айтады.
Инвесторлар – өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлғалар; инвесторлар құрaмындa бағалы қағаздар портфелiн қалыптастыру үшiн өздерi тapтқан қаржыны пайдаланушы субъектiлер болып табылатын институционалдық инвесторларға – инвестиция­лық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттiк емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметiнiң сипатына қарай айтарлықтай ақшалай қаражаттар жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын берiледi.
Мемлекет Ұлттық банк немесе Қаржы министрлiгi арқылы бағалы қағаздар рыногында инвестор ретiнде ic-қимыл жасайды.
Бағалы қағаздар рыногының инвестициялық делдалдары – бағалы қағаздар­дың бастапқы эмиссиясы кезінде де, сондай-ақ оларды қайта сату кезінде де эмитенттерден инвесторларға бағалы қағаздардың жылжытылуын қамтамасыз ететін арнаулы ұйымдар – инвестициялық қорлар, коммерциялық қор биржалары, брокерлік және дилерлік кеңселер, консалтингтік фирмалар, бағалы қағаздарды сақтау, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестірін жүргізу, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша өзара есеп-қисаптар жөніндегі арнаулы ұйымдар (депозитарийлар, кастодиумдар, клирингтер, тәуелсіз реестр ұстаушылар).
Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары – өз қызметiн акционерлiк қоғамның ұйымдық - құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногында лицензиясы бар заңи тұлғалар. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби өкiлдерiне брокерлер, дилерлер, кастодиан, депозитарийлер, андеррайтерлер және басқалар жатады.
Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi заңдарға және шартқа сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартқа сәйкес клиент берген ақшалай және қаржылық құралдар бұл қызметтiң объектiлерi болып табылады.
Орталық депозuтарuй – негізгі функциясы депозитарийлік қызметті жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлiк қоғам нысанында құрылады. Орталық депозитарийдiң акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және халықаралық қаржы ұйымдapы арасында орналастырылады. Бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсiпқой қатысушылары, сондай-aқ шетелдiк депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдiң депонентгерi болып табылады. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы аумағында депозитарлық қызметгi жүзеге асыратын бiрден-бiр ұйым болып табылады.
Андеррайтер – бағалы қағаздар рыногының брокерлiк және дилерлiк қызмет­тi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру жөнiнде қызмет көрсететін кәсiпқой қатысушы. Компаниялардың басшылығымен бiрге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тipкeyгe әзiрлiк жүргiзедi және бағалы қағаздар рыногында оларды жүзеге асыру кезiнде эмитенттiң мүдделерiн бiлдiредi.
Бағалы қағаздар рыногының бiрсыпыра қатысушыларын инвестициялық институттар, яғни бұл инвесторлармен делдалдар ретiнде болатын заңи тұлғалар, соның iшiнде инвестициялық қорлар, инвестициялық компаниялар, коммерциялық банктер, қаржы брокерлерi, инвестициялық консультанттар құрайды.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлері жұмыс істейді:
1) акционерлік инвестициялық қор;
2) пайлық инвестициялық қор.
Акционерлік инвестициялық қор – қызметінің айрықша түрі заңнама және оның инвестициялық мағлұмдамасы талаптарына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлемге салған ақшаларды, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді шоғырландыру және инвестициялау болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор – үлестерді ұстаушыларға жалпы үлестік меншік құқығында жататын және басқарушы компанияның басқаруында болатын, үлестерді төлеуге арналған ақшалардың, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге активтердің жиынтығы. Ол ашық межелдемелік (интервалдық) немесе жабық нысандарында құрылуы мүмкін.
Трансфер-агенттік қызмет бағалы қағаздар рыногында клиенттер арасында құжаттар мен ақпаратты қабылдау және беру мақсаттарында жүзеге асырылады. Трансфер-агенттер алған клиенттерге беру үшін және берілетін құжаттарды тіркейді және есеп жүргізеді.
Жоғары ұйымдастырылған қаржы рыногының дамуына бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларының –ассоцациялар мен бірлестіктер ұйымдары мүмкіндік туғызады.
Эмитенттердiң арасында қаржы рыногының жұмыc iстеуiнде анықтаушы рөлді акционерлік қоғамдар алады.
Өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлғa акционерлiк қоғaм деп танылады. Қоғамның өз акционерлерiнiң мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады және із мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауап бередi. Қоғамның барлық мүлкiнiң aқшалай баламасы қорлар түрiнде тiркеледi, сондықтанда бұл үдеріс қорландыру (қop жасау) деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға бөлу акционерлендipу деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және бөлiнбейтiн мүлiк икемдi және бөлiнгiш мүлiкке айналады, бұл оған жаңа қасиет бередi: мүлiк иесiзденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсiпорын-құрылтайшылардан басқа, тiкелей бұл өндiрiске қатысты және қатысы жоқ заңи тұлғалар акциялардың иеленушiлерi бола алады. Акциялардың барлық саны бiрден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бiрден бөлiнуi заңнамамен қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет