Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет72/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан болған залалдың орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақшалай қаражаттардың арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген залалды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл – азаматтардың мүлкін және жеке басын сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүліктік сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет