Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


ДӘРІС №13. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ



бет114/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
ДӘРІС №13. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ


Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстары, олардың қалыптасуы мен жүзеге асырылуы туралы теориялық білім беру.
Негізгі терминдер: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбеккеақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары, шығындар, өнім өткізуден түскен түсім-ақша, жалпы табыс, жыиынтық табыс, таза пайда


13.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
13.2 Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері.
13.3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу


13.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
Шаруашылық-қаржылық қызмет үдерісінде шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық қорларды – белгілі бір мақсаттарға арналған ақшалай қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақшалай қаражаттар үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары мына қорлар болып та-былады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбеккеақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Дербестік жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектілер басқа да мақсатты ақшалай қорларды құруы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым дамуына қатысудың үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық қор (капитал) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген шаруашылық жүргізуші субъект (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және ал-ғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өнді-рістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құрал-дарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық қордың мөлшері шаруашылық қызмет үдерісінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын ин-вестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтар-ды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді. Акционерлік қо-ғамның жарғылық қоры қор рыногында акцияларды орналасты-ру кезінде акционерлердің қаражаттары есебінен жасалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды
– тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
бүкіл жұмыскердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне
ақы төлеу шығындары;
ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар; еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақшалай және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
материалдық көмек:
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкіне салынған жұмыскерлердің акциялары мен салымдары бойынша төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар);
оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнертабу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа жеке сипаттағы төлемдер.
Сөйтіп, тұтыну қоры еңбекке ақы төлеуге бағытталған қара-жаттар (өнім, жұмыстар және қызметтер өткізуден алынған тү-сім-ақшадан) және жұмыскерлерді материалдық көтермелеу мен түрлі әлеуметтік төлемдер үшін шаруашылық жүргізуші субъек-тінің қарамағында қалдырылатын таза табыстың бір бөлігі есебі-нен құрылады. Қор қаражаттары жұмыскерлердің жеке тұтыну-ына жұмсалады.
Қорлану қоры:
шаруашылық жүргізуші субъектілер қарамағында қалатын та-быс (пайда);
негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортиза-циялық аударымдар;
шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
банктердің кредиттері;
жәй ақцияларды қосымша шығару;
басқа көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры:
ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қар-жыландыруға:
негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
ғылыми-техникалық дамуға, жаңа өнімдерді игеруге;
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомобиль жолда-рын, есептеу орталықтарын, жөндеу, энергетика, құрылыс және басқа өндірістерді және т.б.) салуға үлестік қатысуға;
құрылысты және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін (тұрғын үйлерді, клубтарды, демалыс үйлерін, пансионаттарды, санаторийлерді, емханаларды, ауруханаларды, балалар мекемелерін, спорт объектілері мен ғимараттарын, қосалқы ауыл шаруашылық өндірістерін) салуға үлестік қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар тұтыну мен қорланудың кешенді қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайыөндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржылық резервтердің (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы зор. Рыноктық қатынастарға көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржылық резервтерді шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржылық ресурстар есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде), ма-мандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет (әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржылық қорлары) жасай алады. Оның мақсаты – шаруашылық-қаржылық жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін олардың жеткіліктілігі жағдайында).
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:
экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелері-нің және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық кредиттерінен;
ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;
бейрезиденттер көрсететін қаржылық көмек (гранттар).
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар тө-ленгеннен кейін шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта-лық қорларына бағытталады. Бұл қорларға активтерге (бағалы қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанын-дағы және т.б. нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыс-тар меншікті немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті не-гізде өздерінің валюталық қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңна-масының шеңберінде өздерінің қарап шешуі бойынша пайдала-на алады. Валюталық қорлар ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын ше-тел тауарларын, дәрілік заттарды және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюталық қорлардың қаржысы ізгіліктік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдалануы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге – әріптес-терге бере алады; бұл түсімдердің көлемі келісімшарттық негізде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле оты-рып, шешілді.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзін-дік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына ауда-рылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай-күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын шығындар болашақ кезеңдерге жатқызы-латын шығыстардың есебінен жабылуы мүмкін.Бұл шығыстар-дың мөлшерлері сондай-ақ салық салу ережелерімен реттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет