Бақылау сұрақтары: 1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мәні неде?
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қандай белгілермен сипатталады?
3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының қысқаша анықтамасын пайымдаңдар.
4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қандай белгілер бойынша сыныпталады және осы белгілер бойынша олардың сыныптамалық айрықшылықтарының ерекшеліктері неде?
5. Қаржының мазмұнына шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандары қалай әсер етеді?
6. Шаруашылық серіктестіктерінің қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері неде?
7. Мемлекеттік кәсіпорындардың каржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай?
8. Шетелдің қатысуындағы бірлескен кәсіпорындар қалай жұмыс істейді?
9. Экономиканың кооперативтік секторының түрлерін және олардың қаржысын сипаттаңдар.
10. Меншікті жаңғыртудың негізгі нысандарының мемлекет меншігінен алудың, жекешелендірудің, қайта құрылымдаудың ерекшеліктері неде?
11. Қазақстан Республикасында меншікті жаңғырту бағдарламаларының негізгі бағыттары мен нәтижелерін баяндаңдар.
12. Қызметтің қандай түрлері коммерциялық емес қызметке және қандай негіздеме бойынша жатады?
13. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қызметінің материалдық негізі не болып табылады?
14. Коммерциялық қызметті жүргізуде қандай әдістер қолданылады?
15. Коммерциялық емес қызметте қаржылық қатынастардың қандай топтары қалыптасады?
16. Коммерциялық емес қызметті қаржыландырудың негізгі көздерін атап шығыңдар.
17. «Айналымдағы шығыстар», «Күрделі шығыстар» «Кредит беру, үлестік қатысу» санаттарына қандай элементтер кіріктіріледі?
18. «Қаржыландыру» санатындағы шығыстардың ерекшеліктері қандай?
19. Рыноктық қатынастар жағдайларында мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру кезінде қандай қағидаттарды басшылыққа алу қажет?