Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


ДӘРІС №14. ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ ҚАРЖЫ



бет120/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

ДӘРІС №14. ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ ҚАРЖЫ
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және оның функциялары туралы түсінік беру. Үй шаруашылық тарының қаржы ресурстары, бюджеті, табыстары мен шығыстары туралы мағлұмат беру
Негізгі терминдер: өндіріс, бюджет, рыноктық қатынастар, қор, үй шаруашылық, табыстар, шығыстар, субъектілер, қаржылық қатынастар, қаржылық ресурстар.
14.1 Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және оның функциялары
14.2 Үй шаруашылық тарының қаржы ресурстары және бюджеті
14.3 Үй шаруашылық тарының табыстары мен шығыстары


14.1 Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және оның функциялары
Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектілерінің бірі болып келеді, олардың нәтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының әл-ауқаты тәуелді болады. Экономиканың аса ірі субъекті бола отырып коммерциялық кәсіпорындармен және мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістерге қатынасады. ХХІ ғасырдың басында экономиканың жандана түсуі үй шаруашылықтарын белсенді тіршілік етуге жеткізді.
Экономикалық теорияда үй шаруашылығы деп бірлесіп тұратын және ортақ бюджеті болатын бір немесе бірнеше адам жүргізетін шаруашылық ұғынылады. Үй шаруашылығы қоғамдық өндірісте шұғылданатын және шұғылданбайтын барлық жалдамалы жұмыскерлерді, ірі және майда капиталдар, жер, бағалы қағаздар иелерін біріктіреді.



Сурет 14. Экономикалық жүйеде ресурстардың,
өнімдердің және табыстардың толық айналымы


Үй шаруашылықтарының қаржысы, тұтас алғанда қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы элементі болып келеді.
Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін функцияларда табады. Г.Б. Поляктың пікірі бойынша ол екі негізгі функцияларды орындайды: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу.
Бірінші функция бұл отбасы мүшенің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Рыноктық қатынастардың дамуы бұл функцияның көріну нысанына айтарлықтай әсер етті.
Тауар-ақшалай қатынастардың, рыноктың пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды: 1) отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі; 2) үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарының жасалуы және өсуі; 3) материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.
Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табысының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді:
1) осы шаруашылық бірлігі мен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен – бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады.
2) үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай ресурстарды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді және оқшауланады. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.
Бұл функция үш дәйекті баспалдақты кіріктіреді: қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлу және пайдалану.
Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет