Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу



бет117/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

13.3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің қалыптасу

1. Жалпы айналым (компанияның, фирманың) немесе сату құны.


2. Өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс = жалпы айналым – (минус) қосылған құн салығы, акциздер, басқа салықтар мен міндеттемелер, қайтарылған тауарлардың, сатылымдар мен баға шегерімдерінің құны.
3. Өнім құны, яғни компанияның, фирманың тура шығындарының: амортизациялық аударымдардың, материалдар шығыстарының, энергияның, өндіріс жұмысшылары жалақысының құны.
4. Жалпы табыс2 = өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін пайда – (минус) өнімнің өзіндік құны.
5. Кезең шығыстары мыналарды кіріктіреді:
а) жалпы және әкімшілік шығыстары;
ә) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша шығыстар;
б) сыйақы (мүдде) бойынша шығыстар, яғни алынған кредиттер, мүлікті жалға беру үшін;
6. Негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян) = жалпы пайда – (минус) кезең шығыстары.
7. Негізгі емес қызметтен түсетін табыс (зиян), яғни активтерді пайдалануға табыстаудан, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан алынған қаржылық нәтиже.
8. Салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен түсетін табыс (залал) = негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян) -(минус) негізгі емес қызметтен түсетін табыс (зиян).
9. Корпоративтік табыс салығының сомасы.
10. Салық салынғаннан кейінгі кәдуілгі қызметтен түсетін табыс (зиян) = салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен түсетін табыс (зиян) - (минус) корпоративтік табыс салығының сомасы.
11. Төтенше жағдаяттардан түсетін табыс (зиян).
12. Таза табыс (зиян) = салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен түсетін табыс (зиян) - (минус) төтенше жағдаяттардан түсетін табыс (зиян).
Табысты бөлу оның бір бөлігін мемлекеттік бюджетке немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға заңнамалық түрде белгіленген үлесте, қолданыстағы салықтар мен басқа міндетті төлемдерге қарай бірінші кезекте аударуға саяды.
Табысты бөлу салық салудың заңнамамен белгіленген сызбаларына байланысты болады.
Басында әр түрлі негіздемелер бойынша баланстық табысты көбейтуге3 немесе азайтуға түзету жүргізіледі:
табыстардың немесе пайданың бөлек басқа мөлшерлемелері бойынша (дивидендтер, пайыздар және т.б.) салық салынатын сомасы шығарылады (алып тасталады);
жергілікті бюджеттерге төленген салықтар мен алымдар шығарылады;
резервтік және оларға ұқсас қорларға аударылған аударымдар есепке алынады.
Әр түрлі нұсқаларды баланстық табыстан басым мақсаттарға (өндірісті ғылыми-техникалық жетілдіру, күрделі қаржылар, әлеуметтік және табиғат қорғау шаралары, сауықтыру және қайырымдылық қорлары, мәдени және табиғи мұраларды қалпына келтіру және т.б.) пайда есебінен жұмсалатын шығындар толық көлемде немесе бекітілген нормативтер шектерінде шығарылады.
Жүргізілген түзетуден кейін салық салынатын табыс (пайда)
алынады, оған шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің әр түрлі жақтарын ынталандыру үшін жеңілдіктер белгіленуі мүмкін. Табыстың (пайданың) бір бөлігі мемлекеттік бюджетке алынады, қалған бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағына түседі және таза табыс (пайда) (салықтарды төлегеннен кейінгі табыс (пайда) деп аталады. Оны бөлу тәртібі шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандарына байланысты болады және меншік иесі, құрылтайшы, кәсіпорын жарғысы бекіткен нормативтер бойынша немесе жасалынған қаржы жоспарына сәйкес белгіленуі мүмкін. Табыстың (пайданың) бұл бөлігі басқарудың жоғарғы органының орталықтандырылған қорларын қалыптастыруға, бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушыларға дивидендтер мен пайыздар төлеуге, бірлескен шараларды (мысалы, табиғат қорғау) қаржыландыруға, қайырымдылық мақсаттарына бағытталуы мүмкін.
Таза табыс (пайда) есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілер қорлану және тұтыну қорларын толықтырады, яғни
өндірісті дамытуға, ұжымның әлеуметтік қажеттіліктеріне, жұмыскерлерді материалдық көтермелеуге жұмсалады.
Табысты (пайданы) бөлуге шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары кең, тек резервтік қордың мөлшері ғана заңнамалық шектеуге тартылады.
Табысты бөлудің тәртібі салық салудың қолданылып жүрген сызбасына байланысты белгіленеді. Мәселен, Қазақстан Республикасында жиынтық жылдық табыс және еңбекке ақы төлеу шығындарын қамтитын заңмен белгіленген шегерімдер бойынша сызба қабылданған («Корпоративтік табыс салығын» қараңыз).
Басқа сызбаларда бұл шығындар жалпы табысқа кіріктіріледі және оның құрамында салық салуға жатады. Салықтарды төлегеннен кейінгі табыс, бұл нұсқада еңбекке ақы төлеуге және шаруашылық жүргізуші субъектінің өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бөлінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте бейнелеп көрсетіледі. Бұдан басқа, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі:
операциялық қызметтен (шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі қызметін сипаттайтын);
инвестициялық қызметтен (ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын);
қаржылық қызметтен (меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын).
Бағыттардың әрқайсысы бойынша ақшалай түсімдердің нақтылы түрлері, тиісті қызметтің нәтижелерінде олардың шығып қалуы мен көбеюуі немесе азаюы көрсетіледі. Қаражаттардың құрамы, олардың көздері және белгілі бір күнге орналастырылуы туралы мәліметтер бухгалтерлік баланста келтіріледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есептемесі сондай-ақ бухгалтерлік балансты, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті, есепке алу саясаты туралы ақпаратын және түсініктемелік жазбашаны кіріктіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет