Байланысты: Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
13.2 Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері. Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым капи-талдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірістік капи-талдардың бұлай бөлінуі олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байла-нысты.
Кәсіпорындарда өндірістік құрал-жабдықтар өндіріс үдерісі-нің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Рыноктық экономика жағдайларында өндірістік құрал-жабдықтардың ал-ғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзе-ге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарын сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттай элементтерін – еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржылық ресурстарды авансылау жолымен жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек заттарынан тұра-тын, құндық нысанда көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады.
Қазіргі жағдайда ұзақ пайдалану айналымынан тыс активтер-дің жаңа түрлерінің бірі – материалдық емес активтер. Материалдық емес активтер – жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер. Олардың кәсіпорын активтерінің құрамында пайда болуы рыноктық қатынастарға көшуге, шаруашылықты жүргізудің дүниежүзілік практикасына жақындастыру қажеттігіне байланысты болып отыр.
Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіндеп, бөліп-бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына кө-шіреді. Көшу үдерісін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизациялық норма, ал бұл үлестің ақшалай көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды.
Амортизациялық аударымдар өндіріс шығындарына кірікті-ріледі және өнімді өткізуден түсетін табыстан (түсім-ақшадан) қалыптасады. Негізгі қорлардың қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін амортизациялық аударымдардың жинақталған сомасы сан жағынан қорлардың өздерінің құнына тең болады; бұл қаражат-тар негізгі капиталдардың тозу және істен шығу мезетіне дейін, яғни толық айналымы аяқталғанға дейін оларды сатып алуға пай-даланылуы мүмкін және негізгі капиталдарды қаржыландыру көздерінің бірі болып қызмет етеді. Негізгі капиталдар амортиза-циясының нормалары кәсіпорын қызметінің экономикалық жағ-дайларына қарай ажыратылуы мүмкін: олар пайдаланудың бар-лық мерзімі ішіндегі негізгі капиталдардың баланстық (бастапқы) құнына біркелкі үлестер түрінде (желілік әдіс); амортизациялық кезеңінің басында неғұрлым жоғары үлестер (региссиялық әдіс) белгіленуі мүмкін. Қазақстан Республикасы салық заңнамасында тіркелген активтердің (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің) ішкі топтарының құндық балансына есептеу және амортизация нормалары белгіленген. Шаруашылық жүргізу практикасында сонымен бірге өндірісте техникалық прогресті ынталандыру үшін жеделдетілген амортизациялық әдіс пайдаланылады. Амортизацияны есептеу әдісі өнімді өндіру мен оны өткізуге жұмсалатын шығындардың мөлшері арқылы және осыған сәйкес кәсіпорынның табысы (пайдасы) арқылы кәсіпорындар қызметінің нәтижелеріне әсер етеді; бұл салықтарды өндіріп алу және кәсіпорындардың қарамағында қалдырылатын табысты пайдалану кезінде бөлгіштік үдерістерде бейнеленеді.
Айналым қорлары айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорларын кіріктіреді, олар әр түрлі сфераларға – өндіріске және айналысқа қатыстылығына қарай ажыратылады.
Айналым өндіріс қорлары да өндірістің әр түрлі жақтарын көрсетеді. Олардың бір бөлігі – өндірістік босалқы қорлар еңбек заттарының (предметтерінің) құнын (шикізаттың, сатымдық ша-ла фабрикаттардың, негізгі және қосалқы материалдардың, отын-ның, ыдыстың, босалқы бөлшектердің), сондай-ақ белгіленген ең аз немесе шектік мөлшерлердің шектерінде еңбек құралдарының бір бөлігін де (арзан бағалы және тез тозғыш заттар) кіріктіреді. Басқа бөлігі – аяқталмаған өндіріс ұқсату, өнімді жасау үдерісі-не тартылған заттардың құнын сипаттайды. Үшінші бөлік – бо-лашақ кезеңдердің шығыстары – ағымдағы кезеңде өндірілетін, бірақ кейінгі кезеңдерде өнімнің өзіндік құны есебінен өтелетін заттар.