Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы



бет111/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

12.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Коммерциялық емес қызмет қызметтер сферасының көптеген салаларын кіріктіреді, оның құрамында материалдық өндіріске тән қамтамасыз ететін құрылымдар жұмыс істеуі мүмкін. Сонымен бірге өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге кажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын қаржылық ресурстардың қозғалысын ортақтандыратын ақшалай қатынастардың жиынтығын түсінеді.
Комерциялық месе қызмет түрлері мен салаларында мынадай қаржылық қатынастар қалыптасады:
ұйым мен бюджет арасында қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен және кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;
қаржылық ресурстар бөлумен және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкісалалық қатынастар.
ұйымдардың ішінде, яғни олардың бөлімшелері арасындағы қаржылық қатынастар;
салааралық – түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақшалай қатынастар;
ұйымдар мен олардың жұмыскерлері арасындағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар және т.б.
Аталған қаржылық қатынастар қаржылық ресурстарды қалыптастырады, бөлуді және пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:
ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін қамтамасыз ететін қаражаттар;
(күрделі жұмсалымдарға, инвестицияларға) арналған қаражаттар;
көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қаражаттар;
жұмыскерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) кызмет көрсетушілердің материалдық, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумен байланысты қаражаттар;
негізгі кызметті дамытуға арналған қаражаттар.
Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық негізі олардың қаржылық ресурстары -- жоғарғы құрылым немесе тиісті бюджеттен бөлінетін, сонымен бірге меншікті қызметінен өзін-өзі өтеу немесе өзін-өзі қаржыладыру тәртібімен алатын ақшалай түсімдері, қорланымдары және табыстары болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері бюджеттік қаржыландыру (көрсетілген қызметтер мен игіліктердің өтеусіздігі кезінде) және шаруашылық-коммерциялык есеп пен өзін-өзі өтеу негіздері (өтеулігі кезінде) болып табылады. Рынок жағдайларында ұйымдардың көбісі коммерциялық есеп негізіне көшуде – көрсетілетін қызметтерді сұраным бағасы бойынша сатады, өздігінен даму үшін жеткілікті қорланым жасайды.
Бюджеттік қаржыландыру – меншікті табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақшалай қаражат­тар беру. Өндірістік емес мекемелерді ұстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудің көлемі, мақсатты бағыты және оны бөлу шығыстарды қаржыландырудың дара жоспарымен анықталады. Мұндай тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржыландырылады.
Шаруашылық жүргізудің шаруашылық-коммерциялық есебі шығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игіліктерді сатудан түскен түсім-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің кәсіпорындары пайдаланады. Олар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығындар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Бұл кәсіпорындарда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі ақылы қызмет негізінде шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Бұл әдіс мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында ақылы қызметтер көрсететін ұйымдарда (тұрмыстық, кәсіби машықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер жөнін­дегі ұлттық клубтарда зерделеудің курстары мен мектептері) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет