Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


ДӘРІС 15. ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДИКАТОРЫ



бет125/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

ДӘРІС 15. ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДИКАТОРЫ
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға халықтың өмір сүру деңгейінің теориялық мәселелері мен қаржылық аспектілерін түсінідер отырып, халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу мәселелерін түсіндіру
Негізгі терминдер: халықтың өмір сүру деңгейі, кедейшілік, мемлекеттік реттеу


15.1Халықтың өмір сүру деңгейінің теориялық негіздері
15.2 Қазақстан Республикасының кедейлік бейіні
15.3 Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекетпен реттеу

Өмір сүру деңгейі күрделі және көп қырлы категория екендігін адамның өмірдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жиынтығы сипаттайды.


Халықтың өмір сүру барысында туындайтын проблемалар және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуелсіз, қашанда өзекті болып саналады. Кеңес одағының экономикасында халықтың өмір сүру деңгейін объективті бағалау идеологиялық себептер бойынша мүмкін болмады да, жабық экономиканың қағидаларына сәйкес өнімдерді тарату және жеке тұтыну, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-аухаты жөнінде көрсеткіштерге көңіл аударылмады.
Халықтың өмір сүру деңгейін анықтау күрделі процесс, әйтседе, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жүйесінде халықтың табыстары мен шығыстарының құрылымын, табыс бойынша саралануын, әр түрлі әлеуметтік топтар табысының сатып алу қабілеттілігін, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынуды қанағаттандыру деңгейін есепке алу маңызды. Аталған көрсеткіштерді талдау негізінде өмір сапасы мен оның деңгейін толық және кешенді қамтитын, мәнін түсіндіретін, өмір сүруді бағалайтын нақты көрсеткіштер жүйесі қалыптасады. Логикалық бірізділікпен қалыптасқан осы жүйе төмендегідей көрсеткіштер топтамасынан құралады:

  • жалпыланған көрсеткіштер;

  • халықтың табыстары;

  • халықтың шығыстары мен тұтынуы;

  • жинақталған мүлік пен тұрғын-үй;

  • әлеуметтік қорғау жүйесі;

  • әлеуметтік сала;

  • қоршаған орта;

  • халықтың әлеуметтік саралануы.

Осыдан келіп, бастапқыда айтып өткеніміздей, «өмір сүру деңгейінің» құраушы бөлігі әлеуметтік тұрғыдағы мәселелер туындайды. Дәлірек айтқанда, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді талдау арқылы халықтың «өмір сүру деңгейі» түсінігі анықталып, топтастырылады және мемлекет тарапынан қолдауға ие болады. Кеңірек аша айтатын болсақ, осыдан келіп, әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасады. Ол:

  • әлеуметтік қамсыздандыру;

  • зейнетақыны, жәрдемақыны, қарттарға, балаларға, ауруларға материалдық көмек беру жүйесін сипаттайтын көрсеткіштер кешенін қамту;

  • ең төменгі: күнкөріс деңгейі (кедейшілік шегі), тұтыну бюджеті, жалақы, зейнетақы мөлшері, жалақының сатып алу қабілеттілігі, зейнетақының сатып алу қабілеттілігі, кедейшілік коэффициенті мен деңгейі, табыс тапшылығы, кедейшіліктің әлеуметтік портреті сияқты индикаторлардан тұрады. Мақсат: мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, өмір сапасын көтеру.

Әлеуметтік сала көрсеткіштері адамның өмір сүру деңгейін ғана емес, сонымен бірге өмір қалпын да анықтайды. Олар келесілер:

  • білім беру (мектепке дейінгі, жалпы білім беру мекемелерінің, бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру, қосымша білім беру мекемелерінің қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);

  • мәдениет пен өнер (мәдениет пен өнер мекемелерінің жұмысын сипаттайтын, сонымен бірге кітап, журнал, газет өнімдері басылуын көрсететін көрсеткіштер жүйесі);

  • денсаулық сақтау (денсаулық сақтау статистикасының, халықтың ауыруының, мүгедектіктің, өндірістік жарақат алудың көрсеткіштер жүйесі);

  • туризм, демалу, дене шынықтыру және спорт (санаториялық-курорттық мекемелердің, демалыс және туризм мекемелерінің, спорттық мекемелер желісінің жағдайын, дамуын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);

  • коммуналдық шараушылық (халықты сумен, жылумен, газбен, қонақ үй және басқа да жабдықталуымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мекемелердің өндірістік қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);

  • ақылы қызметтер (халыққа әр түрлі қызметтерді ұсынуды сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі: тұрмыстық қызметтер, жолаушылық көліктер, байланыс, құқықтық қызметтер, банк қызметтері және т.б.)

Еуропа елдеріндегі демографиялық дағдарысты ескере отырып, бұл елдер экономиканың барлық саласына иммигранттарды белсенді тарта бастайтынын болжау қиын емес, әсіресе бұл Қазақстан, Ресей, Урнаина мен Белоруссияға қатысты болатын бұрынғы кеңес елдері халқының жоғары зиялы әлеуетіне айрықша назар аударылатын болады. Ресейдегі демографиялық депопуляция да таяу уақытта иммиграциялық саясаттың жандануына әкеледі, бұрынғы КСРО-ның орыс тілінде сөйлейтін халқының көшуіненегізгі екпін түсірілетін болады.Бұдан шығатын қорытынды, Шығыс Еуропа, Канада мен Ресей елдеріне халықтың белсенді көшуі арқасында таяу арада Қазақстанның халық санының өсімі үрдісі оң бағыттан теріс бағытқа ауысып кетуі мүмкін.Сондықтан демографиялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстарды бірнеше бағыттар бойынша жүргізу қажет:

  • отбасылардың, әсіресе көп балалы отбасылар мәртебесін көтеру;

  • көп балалы отбасыларына пәтер алуға және жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға басым құқықты заңнамамен белгілеу;

  • адамдардың санасына отбасылық, үш және төрт балалары бар отбасылық өмір салтын тұрақты орнату қажет;

  • отбасылық өмір салты сөзсіз әлеуметтік норма болуы тиіс;

  • ата-аналар еңбегін отбасы жоқ кәсіпқой мамандардың еңбегімен заңнама арқылы теңестіру қажет, бұл үшін «отбасылық еңбекақы» енгізу керек, яғни бала тәрбиелейтін әйелге ең төменгі өмір сүру деңгейін ескере отырып және отбасындағы балалар санына қарай белгіленген ең аз еңбекақы төлеу қажет;

  • қызметкерлердің (немесе әйел қызметкердің) еңбекақы бөлінісі проблемасын шешу керек, өйткені ол бүгінде отбасы мүшелерінің қажеттілігіне арналған шығыстарды көздемейді және жекелеген жағдайларда жеткілікті болып табылмайды;

  • тұрақты демографиялық, әсіресе екінші және үшінші бала туу мониторингін жүргізу қажет;

  • балалары жоқ отбасы жұптарын емдеуді мемлекеттік деңгейде қаржыландыру қажет;

  • шетел тәжірибесі негізінде бала тууды материалдық ынталандыру қажет;

  • бала тууға қабілетті әйелдерді тегін емдеу жүйесіне баса назар аудару қажет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет