Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


Үй шаруашылық тарының табыстары мен шығыстары



бет122/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

14.3 Үй шаруашылық тарының табыстары мен шығыстары
Үй шаруашылықтарының табыстары – өндіріс үдерісінде жасалатын және шаруашылық мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұлттық табыстың бір бөлігі. Бұл табыстар адамдар­дың өндіріс үдерісіндегі еңбек шығындарын өтеуі тиіс. Алайда қазіргі қоғамда ұлт­тық табыстың біркелкі бөлінбеуінен үй шаруашылықтарының жекелеген санат­тарын­да ресурстар қажетті деңгейде тіршілікті қолдап отыруға жетіспейді. Сондық­тан мемлекет бюджет пен бюджеттен тыс қорлар есебінен үй шаруашылықтарының қаражаттарын толықтырып отырады.
Үй шаруашылықтарының жалпы табыстарында ақшалай қаражаттардың көлемі болып табылатын ақшалай табыстар басым болады, олармен үй шаруашылығы өзінің шығыстарын қамтамасыз етеді. Ақшалай табыстар мына көздердің есебінен қалыптасады:
1) жалдағанда еңбектік келісімдерді орындау кезінде алынған үй шаруа­шылықтары мүшелерінің еңбекақысы, сондай-ақ сыйлықтар, жалақыға тұрақты үстемелер, әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмыс берушілердің төлемақылары: жәрдемақылар, көлік қызметтерінің, жолдамалардың ақысы және с.с.
2) пайда, дивидендтер, бағалы қағаздар мен салымдар бойынша пайыздар нысанындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жалдау ақысы және басқалары;
3) мемлекеттік әлеуметтік төлемақылар (трансферттер): зейнетақылар, жәрдемақылар және бюджеттен және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан төленетін басқа төлемдер;
4) басқадай түсімдер (сақтық өтемдері, мүлікті сатудан түсетін табыстар және басқалары).
Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары деп үй шаруашылықтары мүшелерінің жалақысы, жеке-дара еңбек пен кәсіпкерлік қызметінен алынған табыс, зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар, өтемдік және басқа төлеулер (ізгіліктік көмекті қоса) пайыздар, дивидендтер, рента және меншіктен алған басқа табыстары, жеке қосалқы шаруашылықтың өнімін сатудан алған қаражаттар және өзге ақшалай түсімдер түрінде алған ақшалай қаражаттардың сомасын айтады.
Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс – жалақы; көтермелеу ақысының барлық түрлері, жалақыға үстемелер; қаламақылар; сыйлықақылар; пайдадан төленетін, сырқаттық парақтар бойынша, демалыстық жәрдемақылар төлемдері; жұмыс берушіден ақшалай және натуралдық нысандарда медицина­лық шығыстар үшін алынатын өтемақылар.
Өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс – кәсіпкерлік қызметтен ақшалай және натуралдық нысандарда түсетін табыстар.
Әлеуметтік трансферттер – зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар, өтемдік төлемдер, қосымша жеңілдіктер, қайырымдылық көмек.
Меншіктен түсетін табыс – акциялар мен басқа бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен ұтыстар; салымдар бойынша, борыш түрінде берілген сомаларды пайдаланғаны үшін пайыздар; салымдар бойынша ұтыстар; тұрғын үйлерді, көлік құралдарын, техниканы, жер учаскелерін жалға беруден түсетін табыстар.
Сатудан түсетін табыс – жылжымайтын мүлікті, әр алуан бұйымдар мен тауарларды сатудан; қосалқы шаруашылықтан алынған тамақ өнімдерін сатудан; басқа жақа көрсетілген әр түрлі қызметтерден түсетін табыс.
Табыстың басқадай көздері – алименттер, туған-туыстар мен таныстардан түсетін төлемдер.
Қолдағы ақшалай табыстар – міндетті төлемдер мен жарналарды шегер­геннен кейінгі ақшалай табыстар.
Нақтылы ақшалай табыстар – тұтыну бағаларының өзгеруі есепке алынған ақшалай табыстар.
Нақтылы қолдағы ақшалай табыстар – тұтыну бағаларын ескере отырып міндетті төлемдер мен жарналарды шегергеннен кейінгі ақшалай табыстар.
Ақшалай табыстар атаулы (салықтар мен міндетті төлемдерді төлегенге дейін) және қолдағы (көрсетілген төлемдерді жүзеге асырғаннан кейін) табыстар болуы мүмкін. Нақтылы ақшалай табыстар – тұтыну бағаларының өзгерісін қоспағандағы ақшалай табыстар. Ақшалай табыстарды тұтыну бағаларының индексіне бөлу жолымен есептелінеді. Нақтылы қолдағы ақшалай табыстар – тұтыну бағаларының өзгерісін қоспағандағы міндетті төлемдер мен жарналарды шегергеннен кейінгі ақшалай табыстар.
Табыстарды сыныптаудың негізіне түрлі белгілер қойылған:
1. Табыс көзіне қарай олар былай бөлінеді: жалақы және еңбек қызметінің қосымша еңбекақысы; кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстар; бағалы қағаз­дардан түсетін табыстар;
мүлікті уақытша пайдалануға бергені үшін жалдау ақысы;
сақтық өтемі;
мүлікті өткізуден түсетін табыстар;
мемлекеттің ақшалай қорларына (бюджеттерден, бюджеттен тыс қорлардан) төленетін төлемақылар;
басқадай көздер.
2. Түсімнің бірқалыптылығына қарай табыстар былай ажыратылады:
тұрақты ( еңбекке ақы төлеу, жалдау ақысы және басқалары);
дүркін-дүркін (авторлық қаламақы, бағалы қағаздар бойынша табыстар және басқалары);
кездейсоқ немесе біржолғы сыйлықтар, мүлікті өткізуден түсетін табыстар;
3. Түсімнің сенімділігіне қарай табыстарды былай ажыратады: кепілденілген (мемлекеттік зейнетақылар, мемлекеттік қарыздар бойынша табыстар); шартты-кепілденілген (еңбекке ақы төлеу); кепілденілмеген (қаламақылар, комиссиялық сыйақы).
Еңбекпен тапқан табыстар халықтың барлық ақшалай табыстарының төрттен үшін дерлік құрайтынын, ал олардың ішінде үштен екісінен артығы жалдамалы жұмыскерлердің табыстары екенін ескерсек, жұмыссыздық табыстар мөлшерінде елеулі рөл атқаратынын мойындауға тура келеді. Жұмыссыздық деңгейі мен халықтың кедейлігі арасында ең төменгі күнкөріс деңгейі жөнінде корреляция коэффициенті бойынша елеулі байланыс болатынын есеп-қисаптар көрсетіп отыр. Жұмыссыздықты 1 пайыздық тармаққа қысқарту кедейлікті 3 пайыздық тармақ­қа қысқартуды тудырады.
Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары – адамның өмір сүруін жалғастыру үшін қажетті материалдық және рухани қажеттіліктерге жұмсалатын іс жүзіндегі шығындар, олар өзіне тұтыну шығыстарын және тұтынумен тікелей байланысты емес шығындарды кіріктіреді. Бұл шығындар үй шаруашылығының жекелеген мүшелерінің жұмыс күшін ұдайы толықтыру жөнінде өте манызды рөл орындайды.
Тұтыну шығыстары – тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға бағытталған халықтың ақшалай шығыстарының бір бөлігі. Тағамдық азықтарды, азық-түліктік емес тауарлар мен алкаголдық ішімдіктерді сатып алуды, сонымен бірге қызметтерді төлеуді кіріктіреді. Пайдалану түрлері бойынша бұл шығыс­тардың деңгейі мен құрамы тұтыну шығыстарының құрылымын анық­тайды.
Үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстары айтарлықтай дәрежеде уақыт­тың мезгілдері бойынша едәуір құбылатын тұтыну бағаларының деңгейіне байланысты болады.
Түпкілікті тұтынуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары үй шаруашылықтары жасайтын тұтыну тауарлары мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардан тұрады, олар мыналардан қалыптасады:
а) жекеше бюджет есебінен тұтыну тауарларын сатып алуға жұмсалатын шығыстардан (үйлер мен пәтерлерді сатып алудан басқа, оларды пайдаланудың ұзақтығына қарамастан);
ә) тұтыну қызметтерін сатып алуға жұмсалатын шығыстардан;
б) өзінің тұтынуы үшін өндірілген тауарлар мен қызметтерді тұтынудан;
в) шетелдегі резиденттердің тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардан;
г) елдің экономикалық аймағындағы бейрезиденттердің тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстарынан.
Тұтыну қызметтерін сатып алуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары мынадай қызметтерге жұмсайтын шығыстардан қалыптасады: денсаулық сақтау, білім, көлік, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық, тұрмыстық, қаржылық, мәдениет мекемелерінің, мейрамханалар мен қонақүйлердің қызмет­теріне. Мемлекеттік және мемелекеттік емес ұйымдардан қаржылық емес қыз­меттерді сатып алуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары бұл салалар бойынша шығарылымдардан мемлекеттік бюджет қаражаттарынан (мемле-кеттік басқару органдарының шығыстары) және үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар қаражаттарынан қаржыландырылатын бөлікті шегерумен анықталады.
Үй шарушылықтарының түпкілікті тұтыну үшін өндірген тауарлары мен қызметтерін тұтыну:
үй шарушылықтары (шаруа немесе фермер шаруашылықтарында және жекеменшіктік қосалқы шаруашылықта) өндірген ауыл шаруашылығы өнімін;
үй шаруашылықтарына қатысты корпоративтік емес кәсіпорындарда өндірілген тауарлардың өнеркәсіптік және басқа түрлерін;
тұрғын үйлер иелерінің өзінің тұтынуы үшін өндірген тұрғын үй қызметтерін кіріктіреді.
Салықтар, алымдар, төлемдер – табыс салығы, жылжымайтын мүлік салығы, алымдар, айыппұлдар, өсімпұлдар, жарналар; үйлерді, пәтерлерді, көлік құралдарын, техниканы жалдау үшін төлем.
Жылжымайтын мүлікті сатып алу – үйлерді, пәтерлерді,саяжай және жер учаскелерін сатып алу. Басқадай шығыстар – қайырымдылық қорларына аудару, алименттер төлеу, туысқандарға, таныстарға көмек.
Үй шаруашылығының ақшалай шығыстарын әр түрлі белгілер бойынша сыныптауға болады:
1) тұрақтылық дәрежесі бойынша:
тұрақты шығыстар (тамаққа; киім-кешекке, көлікке, коммуналдық қызмет­терге және басқаларға);
бір жолғы шығыстар (емделуге, ұзақ пайдаланатын тауарларға).
2) қажеттік дәрежесі бойынша: тамаққа, киім-кешекке жұмсалатын бірінші кезектегі (қажетті) шығыстар;
медицинаға;
екінші кезектегі (қажет) шығыстар (білім алуға, сақтық жарналары және т.с.с.);
басқадай шығыстар (қалғандары);
3) пайдалану мақсаттары бойынша:
тұтыну шығыстары (тауарлар сатып алуға және қызметтерді төлеуге);
салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу;
салымдардағы және бағалы қағаздардағы қорланымдар мен жинақақшалар;
шетел валютасын сатып алу;
халықтың қолдарындағы ақшалардың өсімі. Тауарлар сатып алу мен қызметтерді төлеу – бастысы болып табылатын тұтыну шығыстары барлық ақшалай шығыстардың төрттен үшін құрайды. Олардың мөлшері мыналарға байланысты: ақшалай табыстардың көлеміне, қажетті жеке және отбасының қажет-тіліктерін қанағаттандыруға; бөлшек сауда бағаларының деңгейіне; өмірдің климаттық және географиялық жағдайларына және басқа факторларға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет