Байланысты: Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
2.5. Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау –қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет және қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Ғылыми негізделген қаржылық саясатты, тиімді қаржылық механизмді қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржылық-шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі – оның ақшалай нысанда жүзеге асырылатындығында. Оның объектіқаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды қалыптастыру үдерістері, ақшалай қорларды жасау және пайдалану болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімді қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.
Тәуелсіздік қағидаты – мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың жұмыскерлерінің қызметті жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген араласушылыққа жол бермеу.
Бақылаудың объективтілік қағидаты – бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау.
Анықтық қағидаты – бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен, бақылау объектінің өзге құжаттарымен растау.
Бақылаудың ашықтық қағидаты – бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасы Президентіне, Үкіметіне, мәслихаттарға, жұртшылыққа есеп берушілігі.
Құзырлылық қағидаты – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.
Жариялылық қағидаты – құпиялылық режімді, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлкеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті жариялау.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге қарай (бақылауды жүзеге асыратыноргандарға немесе ұйымдарға)жалпы мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады (2 сызбаны қараңыз).
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау – бұзушылықтарды анықтау, жою және болғызбау мақсатында бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджет және заңнамасын сақтауын тексеру және талдау жолымен жүзеге асырылатын бақылау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау оны жүзеге асыратын органға қарай сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттің тиісті деңгейіне қарай республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін бақылау болып бөлінеді.