Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет15/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

2.3 Қаржыны басқарудың мазмұны

Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржылық қызметке де тән нәрсе. Қаржыны басқару – бұл қаржыға және шектес экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Қаржыны басқарудың мақсаты – макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржылық тұрақтылық пен қаржылық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.


Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
- басқарудағы демократизм;
- қаржылық мәселелерге саяси тәсілдеме;
- басқаруда экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;
- басқарудың ғылымилығы;
- орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудың келісімдігі;
- басқарудағы жауапкершілік;
- шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржылық қатынастардың әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады.
Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді айырады: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржылық үдерісті оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау үдерісінде басқару шешімдері қаржылық ақпаратқа талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақтылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделген.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл – жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлар арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржылық ақпараттың жоғары нәтижелігін, басқару жұмыскер­лерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржылық реттеу – бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржылық ресурстарды икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; бұл резерв­тік (сақтық) қорлар, жоспардан тыс қаржылық ресурстар, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау стадиясында да, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану үдерісінде жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржылық үдерістерді (операцияларды) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржылық құқықтың нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржылық аппараттың қызметін қамтиды. Бақылау қаржылық ресурстарды пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлық көрсеткіштермен салыстыруға, қаржылық ресурстарды өсірудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет