2.2 Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы
Қаржылық саясат нaқты шаруашылық өмiрде қаржылық механизм арқылы iскe асырылады. Қаржылық механизм қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлiмдерiнiң ерекшелiктерiне қарай және қаржылық қатынастардың сфеpалары мен буындары бөлiнуiнiң негiзiнде қаржылық механизм мемлекет қаржысының механизмі, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық механизмi, үй шаруашылықтарының қаржылық механизмі, қаржы рыногының механизмі, сақтық механuзмі болып бөлінеді.
Қаржылық механизмнiң құрылымында мынадай функциялық буындарды бөледi:
1) қаржылық ресурстарды жұмылдыру;
2) қаржыландыру;
3) реттеу;
4) ынталандыру.
Қаржылық механизмдi ұйымдық-басқарушылық аспектiде де қapayғa болады. Бұл үшiн оның буындары ретiнде анықталатын жүйелi талдаудың қосалқы жүйесi, блогы, элементi сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды (1-суретті қараңыз).
Қаржылық механизмнiң қосалқы жүйесi (бөлiгi) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күшi болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржылық тұтқалар мен ынталандырмалар, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесiнiң құқықтық режiмi, қаржыны ұйымдacтыpy.
Қаржылық механизмнiң блогы (буыны) – бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгiсi бойынша бiрiккен бiркелкi өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржылық механизмнiң элементi – бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол apқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықшалықты түрде бiлiнедi.
Қ А Р Ж Ы Л Ы Қ М Е Х А Н И З М ( Ж Ү Й Е )
|
Қ О С А Л Қ Ы Ж Ү Й Е Л Е Р
|
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ (БОЛЖАУ)
|
ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰТҚАЛАР МЕН ЫНТАЛАНДЫРМАЛАР
|
ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖІМ
|
Б Л О К Т А Р
|
Қаржы болжамдары, жоспарлары және баланстары
|
Қаржылық көрсеткіштер
|
Қаржылық нормалар мен нормативтер (ағымдағы қаржыландыруда қолданылатындары)
|
Қаржылық ресурстарды бөлудің нормативтері (макроэкономикалық нормативтер: салықтардың мөлшерлемелері аударымдардың нормалары)
|
Ұдайы өндірісті және ынталан-дыруды қаржылық қамтамасыз ету қаражаттары
|
Қаржыны басқаруды ұйымдастыру
|
Қаржылық қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер
|
Қаржылық бақылау
|
ЭЛЕМЕНТТЕР
|
(қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың алғашқы, бастапқы түрлерінің, нысандарының, әдістерінің, олардың сандық анықтау амалдарының қосалқы жүйелері мен блоктарына сай келетін нақтылы атаулары)
|
Сурет 1. Қаржылық механизмнiң жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |