Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



бет10/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

Жалпымемлекеттік қаржы




Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

Үй шаруа- шылықтарының (халықтың) қаржысы

Мемлекеттік бюджет

Мемлекеттік кредит

Арнаулы бюджеттен тыс корлар

Матер­иал­дық өндіріс сферасы­ның қаржысы

Қызметтер сферасының қаржысы

Республика-лық бюджет

Жергі­лікті бюджет­тер: облыс­тардың бюджеттері, қала­лық, аудан­дық бюджет­тер

Мемле- кеттік борыш (ішкі, сыртқы)

ҚР Ұлттық қоры, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтанды-рудың мемлекеттік қоры, Ұлттық әл-ауқат қоры, Ұлттық иннова­циялық қор, шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, Білім қоры, басқалары



Ауыл шаруашылығы-ның, кен өндіру өнеркәсібінің, өңдеуші өнеркәсіптің; электр қуатын өндіру және бөлу, газ және су; құрылыстың; аңшылық және орман шаруашылығының, балық өсіру, балық аулау қаржылары

Сауда, көлік және байланыс; автомобилдер мен үйде пайдаланатын бұйымдарды жөндеу бойынша қызметтердің; мейменханалар мен мейрамханалардың; қаржылық қызметтердің; жылжымайтын мүлікпен, жалдаумен және кәсіпорныдарға қызметтер операцияларының; мемлекеттік басқару; білім беру; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер; басқадай коммуналдық, әлеуметтік және арнаулы қызметтер; үй шаруашылығын жүргізу бойынша қызметтер; қаржылық делдалдар қаржылары

Орталықтандырылған қаржылыр

Орталықтандырылмаған қаржылар

Сурет 1. Буындар бойынша қаржы жүйесінің сызбасы




Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақшалай қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақшалай қаражаттардың аударымдарымен және одан төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және материалдық емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мынадай қағидаттар қойылған.
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Ұлттық және өңірлік мүдделерді сақтау. Өңірлерді дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары да қаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-өңірлік құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көп ұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы айтарлықтай артып отыр.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мем­лекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржылық ресурстар­дың басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қоз­ғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды өңірлер, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен баланстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы қөрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды элементтерінің функциялық арналым қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржылық аппарат сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғарғы органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төменгі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржылық аппараттың тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржылық аппаратты ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері бейнелеп көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет