Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


Қаржылық қатынастардың объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары



бет8/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

1.4 Қаржылық қатынастардың объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
Кредиттің көмегімен қаржы ре­сурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың (үй шаруашылығының) арасында қайта бөлінеді. Қаржы мен кредиттің арасында көптеген ортақ белгілер бар, бірақ негізгі бөлігі өндірістік қорлардың (капиталдардың) толық айналымында екі категорияны кеңінен пайдалану болып табылады. 
Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары — бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, aman айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу үдерісінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жургізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлѓаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады
Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, ақциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурста­ры болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдеріБіріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары — бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы қаражаттар, сондай-ақ мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. 
Қаржылық ресурстардың көздері макродеңгейдегі (мемлекет деңгейінде) және микродеңгейдегі (шаруашылық жүргізіші субъекті деңгейінде) іс-әрекет ететін көздер болып бөлінеді.
Макродеңгейдегі қаржылық ресрустардың көздері:
1. жалпы ішкі өнім (ЖІӨ (ағылш. Gross Domestic Product) — мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш. Бұл атауды ең алғаш Саймон Кузнец ұсынды.)
2. ұлттық байлық (ұлттық байлық құрамына жер, ормандар, сондай-ақ барланған табиғи ресурстар жатады.)
3. тартылған (қарыз) ресурстары және басқалар.
Микродеңгейдегі қаржылық ресурстардың көздеріне:
1. меншікті қаржылық ресурстардың көздері: өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді);
2. субъектінің сыртқы экономикалық қызметі, мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзге активтер);
3. шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті қаражаттарына теңестірілетін қаражаттар;
4. тартылған қаражаттар (бұл кәсіпорынның қаржы рыногында-бағалы қағаздар, несие капиталдары және т.б. рыногында қалыптастыратын қаражаттары), акциялар мен облигацияларды сату, қарыз қаражаттары;
5. қаражаттарды қайта бөлу тәртібімен алынатын көздер: жоғары инвестициялардан (министрліктерден, бюджеттен) алынатын қаражаттар, сақтық өтемдері (сақтандыру- қаражаттарды қайта бөлу әдісі).
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі түрлері болып табылады:
- Халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдарының кредиттері;
- Ұлттық банктің ішкі кредиттері;
салықтар;
бюджетке төленетін басқадай төлемдер;
бюд­жеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері.
Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының түрлеріне мыналар жатады:
- пайда (шаруашылық жүргізуші субъектісінің таза табысы);
- амортизациялық аударымдар;
- кредиттер;
- сақтық өтемдері;
- істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім-ақша;
- орнықты пассивтер;
- құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру;
- серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік және басқа жарналары;
- меншікті бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар;
- жоғарғы құрылымдардан аударылған қаржы ресурстары;
- бюджет субсидиялары және басқадайлары.
Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың мынадай бюджеттік әдістері болады:

  1. Мемлекеттік күрделі жұмсалымдар;

  2. Мемлекеттік көтере сатып алу (оның көмегімен жиынтық сұраным белгіленеді, мемлекет тауарлардың уақытылы өтуіне мүмкіндік туғызады);

  3. Субсидиялар (өтеусіз берілетін қаражаттар);

  4. Бірлескен кәсіпорындарға жұмсалатын инвестициялар;

  5. Мемлекет тарапынан жеңілдікті кредит беру.

Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары  шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.
Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары бо­лады: 

  1. айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету;

  2. өндірісті қысқарту;

  3. тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқарту;

  4. материал сиымдылығын қысқарту;

  5. меншікті қаражаттарды қарыз қаражаттарымен ауыстыру.

Қаржылық ресурстар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіппен қалыптасады. Орталықтандырылған тәртіппен мемлекеттік бюджеттің, зейнетақы қорларының, бюджеттен тыс қорлардың ресурстары құрылады. Орталықтандырылмаған әдістермен материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізіші субъектілерінің тұтыну қорлары, амортизациялық аударымдар қорлары, қаржылық резервтер мен валюталық қорлар, шаруашылық органдарының басқа ақшалай қорлары қалыптастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет