Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы мен өзара байланысы



бет5/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

1.3 Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы мен өзара байланысы
Қаржы теориясының маңызды мәселесі оның баға, еңбекке ақы төлеу, кредит және т.б экономикалық категориялармен өзара байланысы, сондай-ақ бөлгіштік үдеріске бұл категориялардың қандай дәйектілікпен кірісетіндігі болып табылады.
Ақша және қаржы. Қоғамдық ұдайы өндіріске қызмет көрсететін ақша жалпы категория ретінде құнның жай-күйін (бағалануын) және қозғалысын қауыштырады, ал оның негізінде іс-әрекет ететін қосалқы категориялар - баға, қаржы, кредит, еңбекке ақы төлеу, сақтандыру оның (құнның) қозғалысын неғұрлым нақтылы бағытта және айрықшалықты нысандарда нақтылы түрде көрсетеді, яғни қосалқы жүйелер тауар-ақшалай қатынастардың - ақшаның жұмыс істеуінің жалпыға ортақ нысанын реалды мазмұнымен толтырады. Сөйтіп, ақша бастапқы категория болып табылады, ал оның функциялары (құн өлшемі, айналыс қаражаты, төлем қаражаты, қорланым қаражаты, дүниежүзілік ақша) негізінде қатынастарды қамтудың түрлі дәрежесімен қалған, бағынышты категориялар (қосалқы категориялар) іс-әрекет етеді. Мәселен, бағаның іс-әрекетінде көбінесе ақшаның құн өлшемі және айналыс қаражаты ретіндегі функциялары, кредитте төлем, қорланым қаражаттары, дүниежүзілік ақша функциялары көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет