Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет9/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

1.5 Қаржы жүйесі және оның мазмұны

«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақты­лана түсуі болып табылады және негізінде тиісті қаржылық ресурстар мен ақшалай қаражаттардың қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарға әкімшілік ететін органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.


Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады.
Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
1) қаржылық қатынастардың жиынтығы;
2) қаржылық ресурстардың жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.
Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйе­сінің құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан тұрады:
1) мемлекеттің бюджет жүйесі;
2) арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
3) мемлекеттік кредит;
4) жергілікті қаржы;
5) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары;
6) халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржылары.
Қаржылық қатынастардың алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, үй шаруашылықтарының қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси- эконо-микалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:
- мемлекеттік және муниципалдық қаржылары;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады.
Бұл – бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін жалпымемлекеттік қаржылар. Олар қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте көрінетін қаржылық қатынастарды кіріктіреді.
Мемлекеттік кредит кредиттік қатынастардың қаржылық қатынастардан айырмашылығы болғанымен қаржы жүйесіне кіріктіріледі. Бірақ кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу, мемлекет қаржысының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатына бағытталатындықтан, ол бойынша есеп айырысу бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатындықтан – бұл қосалқы буынды қаржы жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп санауға болады.
Сонымен бірге қаржы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі ретінде мемлекеттің жиынтық салық-бюджет қосалқы жүйесі ретіндегі оған тән директивалық-міндетті қызметтерімен фискалдық жүйе бөліп көрсетіледі.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жиі жатқызады, алайда көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақты өнім – қоғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі дербес қосалқы буыны болады:
1) материалдық өндіріс сферасының (нақты сектордың) шаруа­шылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы;
2) өндірістік емес сфераның (қызметтер сферасының) ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет