Топырақ ерітіндіснің МЭ қосылыстары Топырақ ерітіндісі оның өте-мөте белсенді және қозғалғыш бөлігі болып табылады. Мұнда әр түрлі химиялық процестер жүреді және одан өсімдік тікелей қоректік заттарды (тұздарды) сіңіреді. Тұздың топырақ ерітіндісіне сіңу процесі топырақтың мүжілуі және минералдардың бұзылуы, микроағзалардың топырақта органикалық заттарды ыдыратуы, топыраққа органикалық және минералды тыңайтқыштар беру нәтижесінде іске асады. Әдетте, суда еритін тұздар топырақта шамамен 0,05 % болады. Олардың топырақ құрамында шамадан тыс көп мөлшерде (0,2%-дан аса) болуы өсімдікке зиянды әсер етеді.
Топырақтың қатты фазасында өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың негізгі қоры бар. Ол топырақтың қатты фазасының 90-99% -ын құрайтын материалдардан және топырақтың құнарлылығын арттыруда маңызды рөл атқаратын органикалық бөліктерден тұрады.Қатты фазаның жартысын оттегі, 1/3 юөлігін кремний, ал 10% -дан астамын алюминий мен темір, тек 7%ын басқа элементтер құрайды. Азот түгелімен топырақтың органикалық бөлігінде болады.
Топырақтың минералдық бөлігі әр түрлі минералдардан тұрады, олардың көлемі 1 мм-ге дейін және одан үлкен болады. Көлемі әр түрлі бөлшектерді механикалық элементтер деп атайды. Барлық фракцияларды негізгі 4 топқа бөледі: ұсақ тасты бөлік, құм,шаң және лай. Ұсақ топырақты екі фракцияға бөледі: физикалық құм және физикалық саз, 1 мм ірі бөлшектерді топырақ қаңқасы немесе оның бөлігі деп, ал 1 мм ұсақ бөлігін ұсақ топырақ деп атайды. Физикалық құм фракциясына көлемі>0,001 мм болатын барлық бөлшектерді жатқызса, физикалық саз фракциясына<0,001 мм барлық бөлшектер кіреді.
Топырақтың механикалық элементтерінің көлемі
(фракциялар), мм