Ауыр металдардың Өсімдіктердің МҮшелері мен ұлпаларыңда таралуы


Топырақтың қатты фазасындағы жылжымалы МЭ қосылыстары



бет5/6
Дата26.05.2022
өлшемі417,98 Kb.
#145153
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9-10 лек copy

Топырақтың қатты фазасындағы жылжымалы МЭ қосылыстары. 
Топырақ - күрделі дене, ол бірнеше фазалардан тұрады: қатты фаза (минералдық және органикалық), сұйық фазасы (топырақ ерітіндісі), газды фазасы (топырақ ауасы) және тірі фазасы (топырақтағы тірі организмдер). Бұл фазалар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.
Сонымен бірге топырақ ашық жылжымалы жүйе, өйткені ол биосфераның басқа жүйелерімен үздіксіз қарым-қатынаста болып тұрады
Топырақтың қатты фазасы топырақтың табиғи көлемінің 50-60%-ын алады. Қатты фаза құрамына топырақтың минералды және органикалық бөліктері жатады, ал минералды бөлік топырақтың қатты фазасының негізін құрайды. Топырақтардың құнарлы қара шіріндісіне (гумусқа) бай беткі қабатының үлесіне бүкіл қатты фазаның 90-95%-ы, төменгі қабатына 99% және одан да жоғары пайыз тиеді. Топырақтың минералды құрамы негізінен топырақ түзуші жыныстардың минералдық құрамын сақтайды
Топырақтың қатты фазасында өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың негізгі қоры бар. Ол топырақтың қатты фазасының 90-99% -ын құрайтын материалдардан және топырақтың құнарлылығын арттыруда маңызды рөл атқаратын органикалық бөліктерден тұрады.Қатты фазаның жартысын оттегі, 1/3 юөлігін кремний, ал 10% -дан астамын алюминий мен темір, тек 7%ын басқа элементтер құрайды. Азот түгелімен топырақтың органикалық бөлігінде болады.


  • Элементтердің бірқатар геохимиялық жіктелулері бар.

  • Қазіргі уақытта геохимиялық жіктелу кеңінен таралуда, оған сәйкес жер қыртысының барлық элементтері бес топқа бөлінеді:

  • литофильді,

  • халькофильді,

  • сидерофильді,

  • атмофильді және биофильді.



  • ЛИТОФИЛЬДІ - ТАУ ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ.

  • ОЛАРДЫҢ ИОНДАРЫНЫҢ СЫРТҚЫ ҚАБАТЫНДА 2 НЕМЕСЕ 8 ЭЛЕКТРОН БАР.

ЛИТОФИЛЬДІ ЭЛЕМЕНТТЕРДІ ҚАРАПАЙЫМ КҮЙГЕ КЕЛТІРУ (ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРУ) ҚИЫН.

1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет