Ауыратлет бұлшық ет күшін дамыту әдістемесі Маликаждар Шыңғыс Шалқарұлы



бет8/20
Дата07.02.2022
өлшемі49,77 Kb.
#87409
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
15 Маликаждар Шыңғыс Шалқарұлы ауыратлет rd

Күш қабілетін арттыру
Адамның күш қабілеті оның бұлшық еттерінің физиологиялық ерекшелігімен және жүйке жүйесінің өзіндік қозғалыс күшімен сипатталады.
Балуан күші дегеніміз - күрес үстінде бұлшық ет күшін пайдалану арқылы қажетті қозғалыс жасап, өзіне қарсы бағытталған күштерді жеңу. Күшті арттыру мақсатында адам мүмкіндігінің шегіне жақын жүктеме беру арқылы немесе соған жақын күш жұмсап орындалатын жаттығулар пайдаланылады. Орындалатын жаттығудың түріне және берілетін жүктеменің көлеміне байланысты жаттығуды қаталау саны бір реттен бірнеше ретке дейін көбейтіледі.
Адамның бұлшық етіне шектеулі немесе шектен тыс жүктеме берілсе, бұлшық еттің жуандап өсуіне әсер етіледі. Осы жағдайда берілген жүктемелерге бұлшық еттің «үйрен» қалыптасу пайда болады. Адамның өз шамасына сай немесе шамасынан көп берілетін жүктеме негізінде адамның жүйке жүйесіне күш түсу жағдайлары ұлғайып, ми жүйесінде бейімделу процестері пайда болады. Жаттығу үстінде негізгі жұмыс атқарушы бұлшық етпен қоса жұмысқа тікелей қатысы жоқ бұлшық еттер де қамтылады, осының салдарынан антогонистік бұлшық еттер қозғалысқа кедергі келтіреді. Сондықтан арнайы жаттығу жұмыстарында, әсіресе әдісті дәл және шебер орындатуды үйрету кезеңдерінде шамадан тыс жүктеме бемеген дұрыс.
Күресу кезінде балуандардың кілем үстіндегі жағдайлары жылдам өзгеріп отыратын болғандықтан, дене- күштерін қолданудың статикалық және динамикалық түрлері алмасып отырады. Бұлшық ет күшінің динамикалық түрі адамның шаршау кезеңінде немесе тың күйінде, бұлшық еттің босау немесе жиырылу кезеңінен кейін де орындалуы мүмкін. Сондықтан динамикалық жұмыс түрі кезеңінде күшті арттыруға қолданылатын әдістеменің бірнеше түрін береміз [5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет