Ауыратлет бұлшық ет күшін дамыту әдістемесі Маликаждар Шыңғыс Шалқарұлы



бет7/20
Дата07.02.2022
өлшемі49,77 Kb.
#87409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
15 Маликаждар Шыңғыс Шалқарұлы ауыратлет rd

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.


1 Ауыратлет бұлшық ет күшін дамытудың жолдары
1.1. Бұлшық ет дамуының физиологиялық негіздері

«Бейімделу» ұғымы «стресс» ұғымымен жақын, себебі ол адам ағзасына бірден үлкен жүктеме түсу салдарынан, барлық сезім мүшелерінің үлкен қозу жағдайында болуына әкеледі. Осындай күйге түскен кезде адам ағзасында гипофиз жұмысының артуы байқалып, аденокортикотропты гормонның бөлінуі көбейеді. Сондықтан ол адам ағзасының үлкен қозу жағдайларында бейімделу процестеріе реттейді.


Қатты тоңу немесе ыстықтау өз мүмкіндігінен көп мөлшерде жұмыс атқару, қан жасаушы және иммунитетті сақтаушы тимустың жұмысын әсер етеді, эндокринді бездердің жұмысын көбейтіп, «стресс-синдром» тудырады. Осы жағдайдың екі түрі болу қажет. Біріншісі- егер қоздырғыш жағдай өте жоғары болып және көп уақытқа созылса, онда стресс-синдромның соңғы фазасы адам ағзасында зорығу жағдайын тудырады. Екінші түрі- егер создырғыш адам ағзасының мүмкіндігінен артпайтын болса, онда сол қоздырғышқа қалыптасуы, адам күшін реттеу арқылы бейімделу процнссі жүреді. Стресс-синдромның бірінші түрі, көбіне, жарыстық кезеңде және спортшыға өз мүмкіндігінен артық жаттығ жүктемесін жоспарлап орындатқан жағдайларда байқалады [2].
Екінші түрі жаттығу жүктемесіне бейімделудің негізі болып табылады. Осы жағдайда қан құрамында глюкозаның, майлы қышқылдың, аминді қышқылдардың, нуклейдтердің көбеюі байқалып, жүрек- қан, тыныс алу жүйесінің жұмысы жақсарып, қан мен оттегінің жұмыс жасаушы мүшеге жақсы жеткізуін қамтамассыз етеді. Сөйтіп жұмысты көп атқарушы мүшеге жұмысқа араласпайтын органнан қосымша ресурстар бөлінеді. Мысалы, қалыпты жағдайда адамның бұлшық еті жеткізілетін оттегінің – 30% , ми -20%, бүйрек - 7% пайдаланатын болса, үлкен жүктеме арқылы жаттығу кезінде бұлшық ет оттегінің – 87%, ми – 2 %, бүйрек - 1% жұмсайды.
Адам ағзасының жүктемеге бейімделуін бірнеше түрге боледі. Оларға: жедел және ұзақуақыттық, туа біткен және жүре қалыптасқан түрлері жатады. Туа біткен бейімделуге, - жұмыс жасау кезінде тыныс алудың жиілеуі, қан айналысының көбеюі, көп шу болған жағдайда есту қабілетінің артуы, психологиялық қозу кезінде жүрек соғысының жиілеуі жатады. Ал жедел және жүре қалыптасқан бейімделуге, жаттығу жұмыстарының нәтижесінен үйренген күрделі қозғалыстарды орындай білу, көп әдіс- айланы меңгеру жатады [3].
Ұзақ уақыттық бейімделу ол біртіндеп және ұзақ уақыт қайтй-қайта қайталаудың салдарынан адам оранизмінің сол қоздырғышқа бейімделуінен пайда болады. Жедел бейімделу түрінде жаттығуды қайта- қайта орындау нәтижесінде адам ағзасы бейімделу кезеңінен өткендігін білу қажет. Олай болмаған жағдайда келесі берілетін жүктеме мөлшеріне қажетті адам ағзасының күш- қуатының жетіспеушілігі байқалып, күткен нәтижеге жету мүмкін болмай қалады. Есте сақтау қажетті бір жайдай: ол, қалыптасу- бейімделу неғұрлым тез жүретін болса, оны сол деңгейіне шығарып жаттықтыру, қысқа мерзңмде берілетін жүктемелерге бейімднлуін арттырып жарыстық кезкңдерде үлкен табыстарға жеткізеді, бір сол спортшылардың жғары көрсеткіштер көрсетіп жарыстарға қатысу мерзімдері қысқа болады. Керісінше, ұзақ жылдар бойы біртіндеп жаттығу жүктемесіне қалыптасқан сопртшылардың бейімделу- қалыптасу уақыты ұзақ болғанымен, олардың жоғары көрсеткіштер деңгейінде жарыстарға қатысу мерзімі ұзақ болады.
Сонымен, адам ағзасы спорттық жаттығулар кезеңінде және жарыстарға қатысу кезеңдерінде қалыпты жағдайда жұмыс атқарып, өз мүмкіндігін толық пайдалана алуы үшін бейімделу- қалыптасу жағдайынан өтуі қажет. Осылай болғанда адам ағзасының күш- қуаты ұзақ уақытқа сақталып, нәтижилі жұмыс атқаруына мүмкіндік туады [4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет