Байланысты: 15 Маликаждар Шыңғыс Шалқарұлы ауыратлет rd
Адам организмінің аэробты және анаэробты мүмкіншілігі: Адам организмінің аэробты мүмкіншілігі оның тотығу жолымен энергия түзу арқылы жұмысты орындау қабілетінен анықталады. Бұл бұлшық ет жұмысы кезінде оттегінің организмге түсуімен және шығындалуымен байланысты: Организмнің аэробты мүмкіншілігі оттегінің тұтыну шегінен бағаланады. Оттегі тұтыну шегі ұзақтығы 5 минуттық жұмыс кезінде анықталады. Бұл шама жұмыс орындаушы адамның 1 минут ішінде оттегіні қажет ету деңгейімен сәйке келеді. Оттегі тұтыну шегі жүрек қантамырлары, тыныс алу және қан жүйелерінің мүмкіндіктеріне байланысты. Сонымен қатар оттегі тұтыну шегі жасқа, жынысқа, салмаққа байланысты. Ал, спортшыларда машықтану деңгейіне және спорттық дәрежесіне байланысты. Оттегі тұтыну шегінің ең жоғарғы мөлшері 15-20 жаста байқалады. Организмнің аэробты мүмкіндіктері негізгі 2 әдіспен анықталады:
Тікелей
Жанама
Ең көп қолданылатын түрі жанама әдіс. Жанама әдіске Астранд номограммасы жатады. Физикалық жүктеме орындау арқылы Астранд номограммасының көмегімен оттегінің тұтыну шегі анықталады.
Адам организмінің анаэробты мүмкіншілігі оның оттегінің қатысуынсыз энергия түзу арқылы яғни анаэробты жолмен жұмысты орындау қабілеттігінен анықталады. Анаэробты жолмен энергия АҮФ, креатинфосфат және глюкозаның ыдырауы арқылы пайда болады. Анаэробты мүмкіншіліктің негізгі көрсеткіштері анаэробты ең жоғарғы қуаттылық және анаэробты ең жоғарғы сыйымдылық болып табылады. Ең жоғарғы анаэробты қуаттылық қысқа мерзімде күшті жұмысты орындау кезіндегі қуатпен анықталады. Ең жоғарғы анаэробты сыйымдылық оттегі қарызының жоғары мөлшерінен және қандағы сүт қышқылының жоғарғы концентрациясынан анықталады. Спортпен шұғылданбайтын адамдарда оттегі қарызының жоғары мөлшері 4-10 лит аспайды. Ал спортшыларда 20-25 лит жетеді. Сүт қышқылының жоғары концентрациясы жәй адамдарда 10-12мг% - 100-150 мг% дейін. Ал спортшыларда 250-300 мг%. Анаэробты қуаттылықтың өсуі шапшаңдықтың дамуына, анаэробты сыйымдылықтың өсуі төзімділіктің дамуына әсер етеді. Ең жоғарғы анаэробты қуаттылық эргометрлік сынама арқылы анықталады. Оны 1966 ж Р.Маргария ұсынған. Бұл сынамада қысқа мерзімде 2-5 сек ішінде жоғары жылдамдықпен баспалдақпен жүгірудің қуаттылығы анықталады. Төзімділікті қажет ететін спорттық жаттығуларға барлық циклды сипаттағы аэробты жаттығулар жатады. Оның ішінде 1500м жоғары қашықтыққа жүгіру, 3000м жоғары қашықтыққа спорттық жүріс велосипед тебу, шаңғы тебу және коньки тебу, 400м жоғары қашықтыққа жүзу жатады. Төзімділік 12-15 жаста жалпы төзімділік қалыптасады. 8-11 жаста тұлғаның өсуіне байланысты 11-14 жаста балтыр бұлшық етінің өсуіне байланысты статикалық төзімділік қалыптасады. Ер балаларда 13-17 жастан бел темірге асылып тұру ұзақтығы 4-5 есе, қыз балаларда 4 есе өседі. 10-14 жаста анаэробты төзімділік, 15-18 жаста аэробты төзімділік қалыптасады. Төзімділіктің ең жоғарғы мөлшері 20-30 жаста байқалады, 40 жастан кейін төмендейді [9].