Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Кафедра: Нейрохирургия СӨЖ Тақырып : Ауырсынудың хирургиялық емі Орындаған: 505 топ емдеу ісі Сантимирова Ж.М. Тексерген: м.ғ.д., доцент Омарова Ш.К. Қарағанды 2011
Ауырсыну - ыңғайсыз сезім, ол эмоциональді көрініспен, ішкі мүшелердің рефлекторлы қызметтерінің, қимыл-қозғалыстың шартсыз рефлекстердің өзгеруімен, ауырсыну фактормен құтылуына бағытталған сезіммен сипатталады. Ауырсыну – ұлпаның шынайы немесе потенциалды зақымдалуымен байланысты сенсорлы және эмоционалды уайымдау.
Ауырсынудың түрлері
Соматикалық ауырсыну байламдарда, сіңірлерде, буындарда, сүйектерде, қан тамырларында, нервтерде пайда болады. Ол соматикалық ноцицепторлармен анықталады. Бұл жерде ауырсыну рецепторлардың жеткіліксіздігі нәтижесінде ауырсыну тұйық, таралмаған, ұзақ болады.
Невралгия – нерв ұлпаларының зақымдалуы мен ауру нәтижесінде пайда болады. Сондықтан ол сезімтал жүйкелердің таламусқа дұрыс емес ақпарат тасымалдайды, осыдан ми ауырсыну стимулдарды дұрыс емес интерпритация жасайды.
Каузалгия – ортаңғы және отырықшы жүйкені зақымдалған кезде пайда болатын ауыр ауырсыну синдромы. Ол күйгіш ауырсынумен сипатталып, алыс ацмақтарға таралады.
Ампутационды ауырсыну – себептер: культя аймағындағы тыртықта жүйке бағанада перифериялық аяқшамалардың қысылуы, невроманың пайда болуы, қан тамырларды үзілген аймағында талшықтардың қозушылығы.
Фантомды ауырсыну – ампутациядан кейін жалған ауырсынудың пайда болуы.