1. Асқорыту жолында белоктар амин қышқылдарына дейін ыдырауға кенеледі. Асқорыту сөлдерінің әсерімен азық белоктары амин қышқылдарына дейін ыдырайды. Белоктар амин қышқылдары, төмен молекулалы пестидтер және простетикалық топтың құрамды бөлігі түрінде сіңіріледі. Олардың сіңірілетін жері – ішектің шырышты қабығындағы эпителий клеткаларының ішкі қуысына бағытталған жағындағы өте нәзік талшық іспеттес иректі өскіндер. Сіңірілген белоктардың өнімі қақпа көктамыры арқылы бауырға түседі. Амин қышқылдары бауыр көктамырынан үлкен қанайналым шеңберіне өтіп органдар, тканьдер және клеткаларға тартылады, біраз бөлігі лимфа жүйесіне түседі. Амин қшқылдарының көп мөлшері белоктарды, кейінгі біраз бөлігі- гормондар, ферменттер және басқа биологиялық активті заттарды синтездеуге, ал қалған бөлігі аминсізденіп қайтадан аминденіп энергетикалық шикізат ретінде және липидтердің, көмірсулардың, нуклеин қышқылдарының биологиялық түзілуіне материал болып пайдаланылады.
2. Амин қышқылдары барлық тірі организмдерде жүретін азотты заттар
(гормондардың, витаминдердің, медиаторлардың, пурин және пиримидин
негіздерінің, алкалоидтардың т.б. заттардың негізгі де бастапқы қосылыстары
болып саналады) алмасуына қатысады, жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің
барлық ақуыздарының (протеиндерінің) мономерлері қызметін атқарады.