Д) +тіс тіндеріндегі эмаль мен ион алмасуының өткізгіштігі
Е) тістің бетінде қорғаныш қабатының пайда болуы
5. Мырыш тотығы мен эвгенол негізіндегі пасталарға қандай пломбалық материал жатады?
А) +эндометазон
Б) биокалекс
В) пульпотек
Д) уницем
Е) АН - 26
6. 29 жастағы науқасқа 2.3 тістің дентинінің тісжегісі диагнозы қойылды. Қарағанда: тісжегі қуысы күрек тістер мен ит тістерлің кескіш жиегінің бұзылуынсыз жанасу беттерінде орналасады. Тістердің тісжегі қуысының Блэк бойынша классын анықтаңыз:
А) I
Б)II
В) +III
Д)IV
Е)V
7. Емханаға 26 жастағы науқас Р., төменгі жақ аймағындағы өздігінен болатын ұстамалы ауырсынуға шағымданып келді, ауырсыну құлақ аймағына таралып, түнге қарай күшейе түседі. Себепші тісті дәл көрсете алмайды. Ауыз қуысын қараған кезде: 3.6 тістің шайнау беткейінде терең тіс жегі қуысы анықталды, қуыс түбін зондтау ұзақ мерзімді ауырсынады. Қуыс түбі мен жиектері жұмсақ, дентин сарғыш түсті, оңай алынады. Температуралық тітіркендіргіштер ұзақ мерзімді баяу басылатын ауырсыну тудырады. Перкуссия ауырсынусыз. Алғашқы диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:
А) Созылмалы периодонтит, перкуссия
Б) Созылмалы пульпит, пальпация
В) Жедел периодонтит, рентгенография
Д) Дентин тіс жегісі, витальды бояу
Е) +Жедел пульпит, электроодонтометрия
8. 24 жастағы пациенттің ауыз қуысын тексеру кезінде дәрігер- стоматолог 3.5 тістің вестибулярлық бетінің мойын аймағында ақ түсті жеке бор тәрізді дақ байқады. Дақтың беті күңгірт, тегіс 2% метилен көк ерітіндісімен дақ боялады. Температуралық тітіркендіргішке рекция жоқ. ЭОД – 4 мкА. Болжамды диагноз қойыңыз:
А) флюороз, бор тәрізді- бедерлі пішінді
Б) +ақ дақ сатысындағы тісжегі
В) флюороз, дақты формасы
Д) беткейлік тісжегі
Е) жергілікті гипоплазия
9. Науқас А., 40 жаста аузын шаю кезінде сұйықтықтың мұрын қуысына өту шағымымен келді. Анамнезінен 3 тәулік бұрын жоғарғы жақта 1.6 тісін жұлдырған. Объективті: беті симметриялы, ауыз ашылуы еркін, 1.6 тіс ұяшығы таза, зондтау кезінде жоғарғы жақ қойнауымен байланысы бар. Болжам диагноз қойыңыз:
А) жоғарғы жақ қойнауының созылмалы синуситі
Б) созылмалы этмоидит
Достарыңызбен бөлісу: |