160. Ауруханаға 5 жастағы бала В., оң жақ төменгі жақ аймағындағы ісіуге, ауырсынуға, дене температурасының 37,5 С дейін көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша 8.5 тістегі ауырсыну 5 тәуліктен бері мазалайды, 2 тәулік бұрын ісіну пайда болып жағдайы нашарлаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. . Общее состояние средней степени тяжести.Температура-37,4 С, ТАЖ-24 мин, ЖСЖ-106 рет мин. Оң жақ төменгі жақасты аймағының ауырсынуна байланысты беті асиметриялы. Осы аймақта диаметрі 4,0×4,0 см болатын инфильтрат пальпацияланады, терісі қызарған, ісінген, қысымдалған. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 8.5 тіс сауытының ½ бұзылған, перкуссияда ауырсынулы. Оң жақ тіласты науасы қызарған, ісінген, пальпацияда ауырсынады. Болжам диагноз қойыңыз:
8.5 тістен болған иекасты аймағы флегмонасы
|
8.5 тістен болған жақасты аймағы флегмонасы
|
8.5 тістен болған жұтқыншақ маңы аймағы флегмонасы
|
8.5 тістен болған подмассетериалды аймақ флегмонасы
|
8.5 тістен болған ұрт аймағы флегмонасы
|
161. Ауруханаға 5 жастағы бала Р., келді. Дәрігер 6.5 тістің созылмалы периодонтитінің асқыну диагнозын қойды. Жергілікті жансыздандыру арқылы 6.5 тісті жұлу операциясы жоспарлануда. 6.5 тісті жұлуға арналған құралды және дәрігер қалпын анықтаңыз:
|
тіке қысқыш, науқастың алдыңғы оң жағында
|
тіке элеватор, науқастың алдыңғы сол жағында
|
әмбебап қысқыш, науқастың алдыңғы оң жағында
|
S-тәрізді басы бірікпеген бүртігі оң жақты қысқыш, науқастың алдыңғы оң жағында
|
S-тәрізді басы біріккен қысқыш, науқастың алдыңғы сол жағында
|
162. Ауруханаға 14 жастағы бала Д., сол жақ жоғарғы жақ аймағындағы ауырсыну мен ісінуге шағымданып келді. Анамнезінен: 1.1 тістегі ауырсыну 2 тәуліктен бері мазалайды. Ісіну пайда болған. Обьективті: сол жақ жоғарғы жақтың жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынумен. 1.1 тіс сауытының 1/3 бұзылған. Перкуссия ауырсынулы. Өтпелі қатпар қызарған, ісінген, қысымдалған, пальпацияда ауырсынады. Рентгенограммада: тістің түбірі ұшы аймағында периодонтальды саңылауының кеңеюі және дөңгелек қалыптағы 0,2х0,2 см гомогенді ошақ анықталады. Болжам диагноз қойыңыз және хирургиялық араласу көлемін анықтаңыз:
|
жедел іріңді периостит, периостотомия, 1.1 тісті емдеу
|
жедел іріңді периодонтит, 1.1 тісті жұлу
|
жедел іріңді остеомиелит, остеоперфорация, 1.1 тісті жұлу
|
жедел іріңді пульпит, 1.1 тісті емдеу
|
созылмалы периодонтиттің асқынуы, периостотомия, 1.1 тісті жұлу
|
163. Ауруханаға 6 жастағы бала Ц., келді. Дәрігер 8.5 тістің созылмалы периодонтитінің асқыну диагнозын қойды. Жергілікті жансыздандыру арқылы 8.5 тісті жұлу операциясы жоспарлануда. 8.5 тісті жұлуға арналған құралды және дәрігердің қалпын анықтаңыз:
|
тіке қысқыш, науқастың алдыңғы оң жағында
|
тіке элеватор, науқастың алдыңғы сол жағында
|
әмбебап қысқыш, науқастың алдыңғы оң жағында
|
құстұмсықтәрізді басы бірікпеген қысқыш, науқастың артқы оң жағында
|
құстұмсықтәрізді басы біріккен қысқыш, науқастың артқы сол жағында
|
164. Ауруханаға 12 жастағы бала Н., оң бүйір күректісі аймағында шайнау кезіндегі, салқын және ыстық тамақ қабылдау уақытындағы ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: бокс ойыны кезінде соғып алған. Жергілікті қарау кезінде: жоғарғы еріннің оң жағындағы ісінуіне байланысты беті асимметриялы. 1.2 тістің сауыты толығымен түбірлік бөлімімен қоса зақымдалған. Температуралық тітіркендіргіштерге ауырсыну байқалады. Пульпалық камерасы ашылған, пульпасы қансыраулы. Рентгенограммада: тіс сауыты мен түбірі аймағында сыну сызығы анықталады. Болжам диагноз қойыңыз:
|
1.2 тістің түбір ұшы сынуы
|
1.2 тістің түбірінің орталық сынуы
|
1.2 тіс түбірінің сауыттық сынуы
|
1.2 тіс сауытының толық жұлынуы
|
1.2 тістің тіке сауыт-түбірлік сынуы
|
|