Ауыз сыртылық аппараттарға жатады



бет17/49
Дата04.06.2024
өлшемі1,2 Mb.
#203143
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Байланысты:
НЦНЭ ПОИСКОВИК ОБЩИЙ АНАС

177. Бала 1,5 жаста. Анасыжоғарғыкүректістердіңмойынытұсындатүсіөзгешедақтардыбайқаған. Анамнезде: балашалатуылған, анасүтінембеген, жасандысүттіқорекеткен. 1 сатылы рахитке, орта дәрежелі диспепсияға шалдыққан. Ауыз қуысында: күрек және ит тістердің мойыны тұсында кіреуке жылтыры жоқ, бұлдыр. Сүңгімен тексергенде түсі өзгерген аймақтардың беті кедір – бұдырлы. Алдын-ала диагноз қойыңыз.

Бастапқы кариес, компенсациялық түрі

Беткейлік кариес, компенсациялық түрі

Бастапқы кариес, декомпенсациялық түрі

Беткейлік кариес декомпенсациялық түрі

Жүйелі гипоплазия, дақты түрі

178. Бала 11 жаста. Шағымы жоқ. Ауыз қуысында 1.6 тіс түсі өзгерген, тамақ қалдықтарына толы кариес қуысы бар. Түбір өзектер сағасын сүңгілегенде аздап ауырсынады, бұзылған тіндер анықталды және жағымсыз иіс бөлінеді. Перкуссия ауырмайды. Рентгенограммада: түбірлер толық қалыптасқан, түбір айналасындағы тіндерде патологиялық өзгерістер жоқ. Болжамды диагноз қойыңыз.

Созылмалы фиброзды периодонтит

Созылмалы фиброзды пульпит

Созылмалы гранулярлы периодонтит

Созылмалы гангреналық пульпит

Созылмалы гипертрофиялық пульпит

179. Бала 3 жаста. Жоспарлы тексерілу кезінде 8.5 тістің шайнау бетінде терең қуыс бар. Жұмсарған дентинді алғаннан кейін, сүңгілеу кезінде қуыс тіс қуысымен байланысады және ұлпанын ауырсынуы мен қанағыштығы анықталды. кп=6. Алдын-ала диагноз қойыңыз

Жедел серозды пульпит

Созылмалы фиброзды пульпит

Созылмалы гранулиялық периодонтит

Созылмалы гангреналық пульпит

Созылмалы гипертрофиялық пульпит

180. Тұрақты тістердегі дақ сатысындағы тісжегіде жүргізіледі:

10% иодид калий мен 2% натрий фторидпен электрофорез

10% кальций глюконат пен 2% натрий фторидпен электрофорез

гепарин және трипсинмен электрофорез

триксин және аскорбин қышқылымен электрофорез

линкомицин және аскорбин қышқылымен электрофорез

181. Бала 12 жаста. Тістерінің ұсқынсыздығына шағымданады. Ауыз қуысында 1.4 1.3 1.2 1.1 2.1 2.2 2.3 тістер бор тәріздес түсті, жылтыры жоқ. Кіреукеде қоңырқай түсті дақтар бар. Дақтардың орта тұсында дөңгелек пішінді диаметрі 1,5мм кіреуке ақаулары анықталды. Ақау түбінде қоңыр түс қоюлана түседі. Диагноз қойыңыз.

Беткейлік кариес, декомпенсациялық түрі

Флюороз, бортүстес теңбілді түрі

Жүйелік гипоплазия, дақты түрі

Флюороз, дақты түрі

Жүйелік гипоплазия, эрозиялық түрі

182. Бала 3 жаста. Шағымдары: жоғары жақтың күрек тістерінде тамақ қабылдағанда ауырсынуы. Бірнеше күн бойы мазалаған. Анамнез: бұрын емделмеген. Обьективті: кп=8, ГИ–1,2. 6.1 тіс 1/3 бөлігінде бұзылған, кіреуке нәзік, дентин ақшыл, иілгіш. Зондтауда қуыс тіс қуысымен байланыспаған, ауырсынусыз. Перкуссияда ауырсынады, І дәрежелі қозғалмалылық анықталады. Шырышты қабаты қызарған. Ем жүргізіңіз:

тісті жұлу

тіс қуысын ашу, пульпа мүйізіне девитализирлеуші жақпа, уақытша пломба

Тіс қуысын ашу, канал сағасына резодент қоспасы, уақытша пломба

тіс қуысын ашу, путридті массаларды алу, тісті ашық қалдыру

тіс қуысын ашу, путридті массаларды алу, каналға эвгедент жақпасы

183. Бала 10 жаста. Ауыз қуысында: 4.6 тісте қуыс, сауыттық пульпа некротизирленген, канал сағаларының зондтауы ауырсынусыз. Рентгенограммада: түбірі 3/4 ұзындығына қалыптасқан. Екі түбірінде де сүйектің ыдырау ошақтары айқын емес жиектермен. Ем жүргізіңіз:

тісті жұлу

девитальды терең ампутация

тіс қуысын ашу, коагуляция, каналдың уақытша обтурациясы, уақытша пломба

тіс қуысын ашу, путридті массаларды алу, тіс ашық қалған, ауыз қуысішілік жылу тағайындалған

тіс қуысын ашу, путридті массаларды ашу, каналға эвгедент жақпасы, тұрақты пломба

184. Балаларда шынайы патологиялық қалтаны анықтайтын тәсілді көрсетіңіз:

визуальді

пальпация

рентгенологиялық

капилляроскопиялық

реопародонтографиялық

185. Балаларда сілекей бездері ауруларының асқыну және ремиссия мерзімдері тән:

Жедел вирусты сиалоденитке

Нәрестелердің сиалоденитіне

Жедел бактериалды сиалоденитке

Жедел сиалодохитке

Созылмалы паренхиматозды сиалоденитке

186. 7 жасар бала, ол судағы фтор мөлшері 2мг/л аймақта тұрады. Балаға ауыз қуысының жеке гигиенасы үшін не тағайындау қажет:

Құрамында емдік шөптер бар емдік-профилактикалық тіс сықпасы

Құрамында фтор бар емдік-профилактикалық тіс сықпасы

Құрамында фосфорлы-кальций тұздары бар бар емдік-профилактикалық тіс сықпасы

Құрамында жалбыз бар емдік-профилактикалық тіс сықпасы

Құрамында емен қабығы бар емдік-профилактикалық тіс сықпасы

187. 7 жасар балаа жарақат салдарынан 1.1, 2.1 тістердің тіс сауыттары сынып, ұлпасы жалаңаштанғануы кезінде рациональді емдеу әдісін тандаңыз:

биологиялық әдіс

витальды ампутация

витальды экстирпация

девитальды ампутация

девитальды экстирпация

188. 11-айлық баланы кеңес алуға бағыттаған. Анасының айтуынша, қатты таңдайының шырышты қабатында жара бар. Бала мезгіліне жетпей туған, жасанды тамақтанады. Ауыз қуысында қатты таңдайдың жұмсақ таңдайға өту жерінде терең жара көлемі 1,2* 0,6 см., жара беті сары-сұр қақпен жабылған.

жедел герпетикалық стоматит

кандидоз

Беднар афтасы

Созылмалы қайталана беретін ұшықты стоматит

Жаралы-некротикалық стоматит

189. Бала тістерінің шыға салысымен косметикалық ақауға шағым айта келді. Қарағанда тістері қалыпты көлемде, пішінде, түсі де қалыпты. Барлық тістерінің кіреуке бетінде жүлгелер біркелкі емес орналасқан, әр түрлі қырлы болып көрінуі. Рентген көріністе тіс қуысы мен түбірлерінде өзгеріс жоқ. Сіздің диагноз:

Жүйелі гипоплазия, жүлгелі түрі

Флюороз, штрихты түрі

Аяқталмаған остеогенез

Аяқталмаған амелогенез

Аяқталмаған дентиногенез

190. 2 жастағы бала жедел ауырды. Дене температурасы 38 С. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Бет терісінің ауыз қуысы аймағында және еріннің қызыл жиегінде көпіршіктер топтамасы анықталды. Жақасты аймағында екі жағынан да ұлғайған, тығыз, ауырсынатын лимфа түйіндері пальпацияланады. Лимфа түйіндері үстіндегі тері қызарған, қатпарға жиналады. Флюктуация анықталмайды. Болжамды диагноз:

жедел серозды одонтогенді лимфаденит

жедел серозды стоматогенді лимфаденит

абсцедирлеуші лимфаденит

жақастылық аймақтың аденофлегмонасы

жақасты аймағының аденоабцессі

191. Табиғи тамақтандыруда жүрген 6 айлық бала. Анасы қызының соңғы уақытта тынымсыздығын және омыраудан бас тартуын байқаған. Объективті: еріннің және тілдің шырышты қабатының қызару көрінісінде ақшыл ірімшік тәрізді қақтар бар, қырғанда жеңіл алынады. Қандай фармакологиялық дәрілер қолдану керек:

кератопластиктер

антибактериальды

кортикостероидты

саңырауқұлаққа қарсы

вирусқа қарсы

192. Анасының айтуы бойынша 8 жастағы баланың тісінің бұзылуына байланысты, ауызынан жағымсыз иіс шығады. Қарау кезінде 5.5 тіс қуысы ашылған, ұлпасы қою сұр түсті және жағымсыз иісті, терең зондтау кезінде ауырсыну байқалады. Рентгенограммада тұрақты тістің ұрықтану процесімен бірге тіс түбірі ұшылық аймағында деструктивті өзгерістер бар екені анықталды. Қандай емдеу әдісін пайдаланған дұрыс:

тісті жұлу

депофорез әдісі

пульпоэктомия әдісі

консервативті әдіс

эндодонттық ем



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет