Ауыз сыртылық аппараттарға жатады



бет15/49
Дата04.06.2024
өлшемі1,2 Mb.
#203143
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49
Байланысты:
НЦНЭ ПОИСКОВИК ОБЩИЙ АНАС

165. Ауруханаға 11 жастағыбалаМ., төменгітістерқызылиегіндегіауырсынуменісінугешағымданыпкелді. Жергіліктіқараукезінде: бетісимметриялы. Ауызашылуыеркін. Ауызкіреберісініңтереңдігі 3 ммқұрайды, сөйлеукезіндетөменгіерніазқозғалмалы. Төменгіерінніңүзбесіанықемес. 3.1, 4.1 тістераймағындақызылиекжиегіқызарғанжәнепальпациякезіндеауырсынулы. Болжам диагноз қойыңыз және хирургиялық ем түрін анықтаңыз:

тілдің қысқы үзбесі, френуллопластика

жоғарғы еріннің қысқа үзбесі, хейлопластика

альвеолярлы өсінді деформациясы, альвеолопластика

ауыз қуысының ұсақ кіреберісі, вестибуллопластика

ауыз кіре берісінің кілегейлі тартылулары, альвеолопластика

166. Ауруханаға 12 жастағы бала Ж., ауыз ашуы кезінде оң жақ самай-төменгі жақ буыны аймағында сықырлауға шағымданып келді. Қарау кезінде: беті симметриялы. Пальпация кезінде оң жақ самай-төменгі жақ буынында ауырсыну, қозғалту кезінде сықырлау анықталады. Самай-төменгі жақ буыны аймағында күш түсіру симптомы оң мәнді. Ауыз ашылуы оң жақта ауырсынулы. Тістем бұзылған. Тіласты үзбесі қалың, қысқа тартылыс түрінде тілдің ұшына бекіген. 3.1, 3.2, 4.1, 4.2 тістердің тығыздалып орналасуы анықталады. Болжам диагноз қойыңыз:

самай- төменгі жақ буынының екіншілік деформирлеуші остеоартрозы




самай- төменгі жақ буынының ауырсынулы дисфункциясы

самай- төменгі жақ буынының сүйектік анкилозы

оң жақ самай- төменгі жақ буынының тыртықтық анкилозы

самай- төменгі жақ буынының неоартрозы

167. Жаңа туған сәби М., 2 тәуліктік. Жоғарғы ерін, альвеолярлы өсінді, қатты және жұмсақ таңдай аймағындағы ақауға, тамақтану мен демалуының бұзылысына шағымданады. Анамнезінен: патология туа пайда болған. Бала гипоксиямен туылған. Қарау кезінде: беті жоғарғы еріндегі, альвеолярлы өсіндіге, қатты және жұмсақ таңдайға жалғасқан ақауға байланысты асимметриялы. Жоғарғы еріннің ортаңғы бөлігінің қысқарғаны, мұрынның оң жақ терілі-шеміршекті бөлімінің деформациясы анықталады. Ауз ашылуы еркін. Таңдай аймағында мұрын қуысымен байланысатын ақау бар. Жұмсақ таңдай қысқаруы, жұтқыншақтың ортаңғы бөлігінің кеңеюі анықталады. Болжам диагноз қойыңыз және осы мезеттегі емдеу түрін анықтаңыз:

жоғарғы еріннің және таңдайдың толық жырығы, ортодонтиялық ем

жоғарғы еріннің толық емес жырығы, хейлопластика

қатты және жұмсақ таңдайдың толық жырығы, ортодонтиялық ем

жұмсақ таңдайдың толық жырығы, ураностафиллопластика

жоғарғы еріннің және таңдайдың толық емес жырығы, хейлоураноплас

168. 14 жастағы бала М., 1.6 тісті жергілікті жансыздандыру арқылы жұлу операциясы жоспарлануда. Балаларда туберальды жасыздандыру жүргізу кезінде иненің бағыты мен жылжыту тереңдігін анықтаңыз:

төмен, артқа, ішке тереңдігі 1,5 см

артқа, ішке тереңдігі 2,0 см

жоғары, алдыға, ішке тереңдігі 1,5 см

жоғры , артқа, сыртқа тереңдігі 2,5 см

төмен, алдыға, ішке тереңдігі 1,5 см

169. Балалар стоматологиялық емханасына 6 жастағы баласымен Д. анасымен түн мезгіліндегі тістегі ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: қыз бала невропатологта эпилепсияға байланысты есепте тұрады. Бала жылап кереуетке отырмайды, дәрігерді итереді. Қарау кезінде 5.1, 5.2, 5.3, 6.1, 6.2, 6. 3, 7.4, 7.5, 8.4, 8.5. тістерде көптеген құртжегілер анықталады. Ауыз қуысының санациясын жүргізу үшін жансыздандыру әдісін анықтаңыз:

A)мандибулярлы жансыздандыру

жалпы жансыздандыру

C)туберальды жансыздандыру

ментальды жансыздандыру

E)инфильрационды жансыздандыру

170. Стоматологиялық клиникаға 11жастағы бала Г., 2.4 тістегі пломбасының түсіп қалуына, тісінің түсінің өзгеруіне шағымданып келді. Анамнезінен: 2.4 тісі дентиннің құрт жегісіне байланысты емделген, пломба 1 апта бұрын түсіп қалған. Обьективті: беті симметриялы, ауыз ашылуы еркін. 2.4 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысатын құртжегілік қуыс бар. Ашылған тіс қуысын зондтау, перкуссиялау ауырсынусыз. Температуралық қоздырғыштарға реакция анықталмайды. ЭОД=100мкА. Рентгенограммада: тіс түбірі ұшының аймағында периодонтальды саңылаудың кеңейгені анықталады. Клиникалық диагноз қойыңыз және емдеу түрін анықтаңыз:

2.4 тістің созылмалы фиброзды периодонтиті, эндодонтикалық емдеу

2.4 тістің жедел іріңді периоститі, периостотомия

2.4 тістің созылмалы гранулематозды периодонтиті, жұлу

2.4 тістің созылмалы гранирлеуші периодонтиті, эндодонтикалық емдеу

2.4 тістің созылмалы фиброзды периодонтитінің асқынуы, жұлу

171. Ауруханаға 7 жастағы бала Л., анасымен 3.6 тістің сауытында ақау барына шағымданып келді. Қарау кезінде: беті симметриялы, ауыз ашылуы еркін. 3.6 тістің шайнау бетінің эмалінде дентинін 0,1см қоса ақауы анықталады. Зондтау ауырсынусыз, қуыстың түбі мен жиегі тығыз. ЭОД көрсеткіштері = 10 мкА. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін анықтаңыз:

эмаль құртжегісі, стеклоиномермен реставрация

цемент құртжегісі, мөртабанды сауыт

дентин құртжегісі, композитпен алдын алу реставрациясы

сынатәрізді ақау, амальгамамен реставрация

жүйелік гипоплазия, фиссуралы герметикпен реставрация

172. Ауруханаға 3 жастағы бала П., анасымен 7.5 тістегі тамақ қабылдау уақытында кезеңді түрде ауырсынуына және ауырсыну ұзақтығы 10 мин созылатынына шағымданып келді. Қарау кезінде: 7.5 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толған құртжегілік қуыс анықталады. Жұмсарған дентинді алып тастағанда, 7.5 тістің пульпасы ашық қалды. Пульпа қансыраулы, зондтау кезінде ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. Болжам диагноз қойыңыз және диагностикалау әдісін анықтаңыз:

созылмалы периодонтит, 7.5 тісті ультрадыбыстық зерттеу

жедел пульпит, 7.5 тістің магнитті-резонанстық томографиясы

жедел периодонтит, 7.5 тістің компьютерлік томографиясы

созылмалы фиброзды пульпит, 7.5 тістің визиографиясы

созылмалы гангренозды пульпит, ортопантомография

173. Ауруханаға 5 жастағы бала Ж., анасымен 8.4 тістегі тамақ қабылдау уақытында кезеңді ауырсынуға және ауырсыну 15 минутқа созылатындығына шағымданып келді. Қарау кезінде 8.4 тістің шайнау бетінде құртжегілік қуыс анықталады, сауытының түсі өзгерген және жұмсарған дентинге толтырылған. Жұмсарған дентинді алып тастағанда тіс қуысымен байланысты және сұр түсті пульпасы көрінеді, зондтау ауырсынулы, перкуссияда ауырсынбайды. Болжам диагнозын қойыңыз және диагностикалау әдісін анықтаңыз:

созылмалы периодонтит, 8.4 тісті ультрадыбыстық зерттеу

жедел пульпит, 8.4 тістің магнитті-резонанстық томографиясы

жедел периодонтит, 8.4 тістің компьютерлік томографиясы

созылмалы фиброзды пульпит, 8.4 тістің ортопантомография

созылмалы гангренозды пульпиті, визиографиясы

174. Ауруханаға 12 жастағы бала Ю., анасымен 4.6 тіс сауытындағы ақауға, тамақ қабылдау уақытында ауырсынуға және ауырсынудың тез басылатындығына шағымданып келді. Қарау кезінде: беті симметриялы, ауыз ашылуы еркін. 4.6 тістің шайнау бетінде тамақ қалдығымен толтырылған құртжегілік қуыс анықталады. Зондтау барлық түбіне дейін ауырсынулы, қуыстың түбі мен жиегі жұмсарған дентинмен жабылған. Температуралық тітіркендіргіш әсеріне ауыосыну тез басылады ЭОД көрсеткіштері = 12 мкА . Диагноз қойыңыз және диагностикалау әдісін анықтаңыз:

эмаль құртжегісі, 4.6 тісті ультрадыбыстық зерттеу

цемент құртжегісі, 4.6 тісті бояу

дентин құртжегісі, 4.6 тістің визиографиясы

сынатәрізді ақау, сиалография

жүйелік гипоплазия, қанның биохимиялық анализі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет