Несеп-жыныс жүйесі. Бел аймағындағы тері түсі өзгермеген. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз. Бүйректер пальпацияланбайды. Соққылау симптомы екі жақта да теріс.
Нерв жүйесі. Есі анық, есте сақтау қабілеті төмендеген. Сөйлеу қабілеті дұрыс, көру қабілеті орташа (тексерілмеген). Психикасы дұрыс, тәртібі белсенді, эпилепсиялық ұстамалары байқалмайды. Ромберг позасында тұрақты, саусақ-мұрын әдісін дұрыс орындайды. Менингиальді симптомдар теріс.
VII. Пациенттің шағымдары, ауру анамнезі, обьективті қарау, физикалды зерттеу қорытындысы ретінде келесі синдромдарды ажыратамыз: Жетекші синдром – ангионозды ауырсыну синдромы: аз физикалық күштемеден кейінгі сол қолға иррадияцияланатын, 3-5 минутқа созылатын төс сүйек артындағы орташа ауырлықтағы ашып, күйдіріп ауырсынуға, тыныштықта басылуына, 2қабатқа көтерілгенде немесе 150метр қашықтыққа жүргенде пайда болатын дем алу мен шығару қиындығына, яғни ентікпеге
Артериалды гипертензия синдромы: артериалды қан қысымының максималды түрде 170/90 мм сын бағ дейін көтерілуі, шүйде аймағының ауырсынуы, бас айналып, құлағының шуылдауы, көз алды қарауытып, жеңілдік әкелмейтін құсуы
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі синдромы - ұзақ уақыт кардиологтың бақылауында болмауына байланысты синкопальды жағдай эпизодтары, бас айналу және жүрісінің өзгерісі байқалып, аритмологтың зерттеуінде болып, толық АВ түйінінің деструкция анықталған және сол жылы екі камералы электрокардиостимулятор қою тағайындалған.
Жүрек ырғағы бұзылысы синдромы: жүрек ырғағының үзілісі, ЖЖЖ 130 рет
Дисциркуляторлы энцефалопатия синдромы: есте сақтау қабілетінің төмендеуі
Астено-вегетативті синдром: Әлсіздік, тез шаршағыштық
Тыныс жеткіліксіздігі синдромы: Ентікпенің пайда болуы