Ауру тарихы пациенттің толық аты-жөні: Шаламов Виктор Петрович Қорытынды клиникалық диагноз


VI. Жеке мүшелеп қарау. Тыныс алу жүйесі



бет3/8
Дата01.11.2022
өлшемі35,22 Kb.
#155956
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ib kardio kuka

VI. Жеке мүшелеп қарау. Тыныс алу жүйесі.
Тыныс алу мұрын арқылы, еркін. Кеуде клеткасының формасы –гиперстеникалық қалыпты, ТАЖ – минутына 19 рет, симметриялы, екі өкпе де тыныс алуға бірдей қатысады.
Кеуде клеткасын пальпациялау кезінде ауырсынулар жоқ, эластикалы. Дауыс дірілі өкпе алаңында бірдей таралады .
Салыстырмалы перкуссия: симметриялы нүктелерде ашық перкуторлық дыбыс .
Өкпенің жоғарғы шекарасы:




Оң жақ

Сол жақ

Алдынан

Бұғана үстінен 3 см

Бұғана үстінен 3 см

Артынан

7 мойын омыртқа деңгейінде

7 мойын омыртқа деңгейінде


Өкпенің төменгі шекаралары:




оң жақ

сол жақ

Linea parasternalis

V қабырға




Linea medioclavicularis

VI қабырға




Linea axillaris anterior

VII қабырға

VII қабырға



Linea axillaris media



VIII қабырға

VIII қабырға

Linea axillaris posterior



IX қабырға

IX қабырға

Linea scapularis



Xқабырға

X қабырға

Linea paravertebralis

XI кеудеомырқасы өсіндісі

XI кеудеомырқасы өсіндісі


Өкпенің төменгі шеттерінің қолғалғыштығы




Оң өкпе

Сол өкпе

Ортаңғы бүғана сызығы бойынша

4 см




Ортаңғы қолтық сызығы бойынша

6 см

6 см

Жауырын сызығы бойынша

4 см

4 см


Аускультация: барлық өкпе алаңында везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ
Жүрек-қантамыр жүйесі. Жүрек және ірі қантамырлар аймағын қарау: жүрек томпаюы мен көзге көрінетін пульсация жоқ.
Жүрек аймағының пальпациясы: жүрек ұшы түрткісі 5-қабырғааралықта бұғана орта сызығынан 1 см ішке орналасқан, ауданы 2 см2, күші орташа, биіктігі орташа, резистентті емес.
ЖЖЖ минутына 130 рет.
Пульс: - жиілігі минутына 130 рет;
- ырғақты емес;
- кернеулігі орташа,
- толуы орташа.
АҚҚ оң қолда- 135/80 мм сын бағ. Сол қолда – 130/80 мм.сын.бағ.
Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекаралары:
Оң жақ: IV қабырғааралықта төстің сол жақ шетінде 1 см сыртқа
Жоғары: сол жақ III қабырғааралық деңгейінде
Сол жақ: V қабырғааралықта linea mediaclavicularis sinistra-дан солға 0,5см ішке орналасқан

Жүректің абсолютті тұйықталу шекералары:
Оң жақ:IV қабырғааралықта төстің сол жақ шетінде.
Жоғарғы: IV қабырғаның жоғарғы шетінен linea medioclavicularis sinistra-дан 1см ішке.
Сол жақ: V қабырғааралықта linea medioclavicularis sinistra-дан 0,5см ішке орналасқан.
Тамырлар шоғырының шекаралары:
Оң жақ: II қабырғааралықта оң жақ төс сызығынан 1см сыртқа орналасқан.
Сол жақ: II қабырғааралықта сол жақ төс сызығынан 1см сыртқа орналасқан.
Тамыр шоғырының ені- 6 см.
Жүрек аускультациясы:
Жүректің жирылу жиілігі 133 соққы\мин., ритмі дұрыс емес. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты емес. Аорта үстінен 2 тонның акценті, сол жақта 2 қабырға аралықта систолалық шуыл естіледі.
Асқорыту жүйесі.
Ауыз қуысын қарау: тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Жұмсақ және қатты таңдай, аранның шырышты қабаты алқызыл түсті. Бадамша бездері өзгеріссіз. Сілекей бездері ұлғаймаған, ауырсынусыз. Ауыз қуысынан иіс шықпайды.
Ішті қарау: Іші симметриялы. Терісі таза, грыжалық өзгерістер жоқ.
Іштің беткей пальпациясы: іші жұмсақ, ауырсыну жоқ, ішкі ағзалар ұлғаймаған, грыжалық ойықтар жоқ.
Іштің терең пальпациясы:
Сигма тәрізді ішек сол жақ мықында пальпацияланады, цилиндр тәрізді, тығыз эластикалы, тегіс, шұрылдамайды, ауырсынусыз, 5-6 см.
Соқыр ішек оң жақ мықында пальпацияланады, цилиндр тәрізді, 3см, тығыз эластикалы, аздап қозғалмалы, ауырсынусыз, шұрылдайды.
Тоқ ішектің жоғарғы, төменгі, көлденең бөлімдері эластикалық консистенцияда, 3 см қалындықта, цилиндірлік формада, аздап қозғалмалы.
М.Г.Курлов бойынша Бауырдың көлемі: 10х8х7 см
Бауырды пальпациялау: бауыр ауырсынусыз, жұмсақ, беті тегіс, шеті үшкірленген.
Өт қабы: пальпацияланбайды. Курвуазье, Мерфи, Ортнер, Кер симптомдары – теріс.
Ұйқы безі: Де-Жарден, Шоффар, Мейо-Робсон симптомдары теріс.
Көкбауыр перкуссиясы: көлденең – 7 см, ұзындығы – 9 см. Пальпацияланбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет