Сырқаттың төсек орнын әзірлеу Көрсеткіштері: төсек жаймаларын 7-10 күнде 1 рет, кірлегенде, қажет болған жағдайда одан бұрын ауыстырылады. Бұл науқастың жалпы жағдайына байланысты.
Алгоритм әрекеттері: 1-ші тәсіл: таза жайманы ұзынынан ортасына дейін ораңыз.
сырқатты төсектің бір қырына ығыстырыңыз.
босаған төсектегі кір жайманы ұзынынан ораңыз.
оның орнына дайындаған таза жайманы төсеп, үстіне сырқатты ақырындап аунатып жылжытыңыз
кереуеттің екінші жағынан кір жайманы алып, таза жайманы тегістеп жайыңыз.
жиналған кір жайманы сол мезетте қапшыққа салыңыз, ал таза жайманы тегістеп жайыңыз.
2-ші тәсіл: таза жайманы көлденеңінен, бір жағынан бастап ортасына дейін орап дайындаңыз.
сырқатты бас жағынан сүйреп көтеріңкіреңіз.
кір жайманы бас жағынан белдемеге дейін ораңыз.
босаған төсек дайындалған таза жайманы, оралған күйімен белдемеге дейін төсеңіз.
сырқаттың құйымшақ сүйегінің астынан ақырын көтеріп, кір жайманы аяғына қарай жылжытыңыз.
кір жайманы жылжыта отырып, таза жайманы босаған жерге төсеңіз.