бет 39/251 Дата 09.02.2022 өлшемі 1,54 Mb. #131150
Байланысты:
стандарт казақша Ауыр науқасты тасымалдау
Сырқатты бөлімшеге бірнеше жолдармен тасымалдауға болады;
Тасымалдау түрі туралы мәселені дәрігер шешеді ;
Жай-күйі қанағаттанарлық сырқатты палатаға медициналық қызметкерлер шығарып салады;
Бір қатар жағдайларда сырқатты бөлімшеге дейін кресло каталкаға сырғатып апарған жөн ;
Ауыр науқастарды бөлімшеге арнайы каталкаларға орнатылған зембілдермен тасымалдайды;
Әрбір каталка маусымына қарай таза ақ жаймамен жабылып , көрпемен жабдықталып төселуі тиіс;
Ақ жайманы әрбір сырқаттан кейін ауыстыру керек ;
Көрпені желдетіп алады, ал жұқпалы аурулардан кейін залалсыздандырады ;
Қазіргі кезде тежеуіші бар зембіл – каталкалар шығарылған;
Лифт жоқ жерде ауыр науқасты 2 н\се 4 адам зембілмен көтеріп шығды. Зембілдің аяқ жағын көтеріп алдымен шығарады ;
Қазіргі кезде көптеген ауруханалар арнайы тасымалдау құралымен қамтамасыз етілген. Олар сырқатты қабылдау бөлімшесінен қашық тұрған корпусқа жеткізу үшін пайдаланылады;
Қозғалуға болмайтын ауыр науқастарды зембілден төсекке еппен белгілі бір ережелерді сақтай отырып жылжытып салады ; зембілдің аяқ жақ шетін кереуеттің бас жағына қою қажет;
Егер бөлме тар болса , зембілді кереуетке жақындатып қояды да, медициналық қызметкерлер зембіл мен кереует арасында ауруға бетін беріп тұрады ;
Ыңғайсыз артық қимылдар жасамау үшін зембілді кереуетке қалай дұрыс келтіре керегін алдын ала ойластырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: