Сырқатқа аузын кеңірек ашып, тілін шығаруды сұраңыз, егер оның халі келмейтін болса аыузкергіштің көмегімен аузын ашып, тілін тілұстағышпен шығарып ұстаңыз.
Әзірлеген ерітіндіде салфетканы сулап, тілінің түбірінен ұшына қарай сүртіңіз.
Ұртын шпательмен көтеріп, тампонмен ауыз қуысының шырышты қабығын, қызылшекті, барлық тісін ж\е тілін сүртіңіз.
Ерні, ауыз бұрышы тілінсе (езуі) сары май н\се вазелин майын жағыңыз.
Аузын салфеткамен сүртіңіз.
Ескерту: Егер сырқаттың протез тісі болса, оны шешіп алып, тазалап жуып кигізіңіз. Аузынан иіс шығатын болса, ауыз қуысын 2% гидрокарбонат натрий, 1% хлорлы натрий н\се әлсіз перманганат калий ерітіндісімен шаю қажет.