6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
- Терминальді жағдай тұралы түсінік
Агонияға түсінік
Клиникалық өлім түсінігі
Биологиялық әлім түсінігі
10.Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)
Жоспар:
реаниматология түсініктемесі
реанимациялық шаралар
жүрек - өкпелік реанимациялық көлемі және реттілігі
Реаниматология – ағзаның қайта тірілту аспектілерін оқытатын, клиникалық медициналық бөлімі. Реанимация – ағзаның тіршілік әрекетін қайта қалыптастыру үшін қолданылатын әртүрлі жүйелі шаралар атауы. Жүрек соғысы тоқтағанда, тыныс тоқтағанда, ағза әртүрлі умен уланғанда, ауыр соққы алғанда, қан жоғалтқанда, өткір бүйрек және бауыр қызметінің жетіспеушілігінде және қышқыл – сілтілі күй бұзылғанда реанимациялық шаралар қолданылады. Ауыр халдегі науқас негізінен аурудан емес, оның асқынуынан қайтыс болады. Сондықтан ауыр халдегі науқастар ерекше күтіммен ұқыпты қарауды қажет етеді.
Жүрек - өкпе реанимациясындағы көрсетілетін көмек реті:
науқастың жалпы күйін (ақыл –есін, дене температурасын, жүрек соғысын, демалысын) бағалау
тыныс алуын қамтамасыз ету
жасанды тыныс алуына көмектесу
жүрекке тікелей емес массаж жасап, қан айналымын жақсарту
Достарыңызбен бөлісу: |