Емдік тағамдардың негізгі принциптері Диетология бұл емдік тамақтану ғылымы, яғни себебіне қарай сүйену әр түрлі ауруларда механизм ағысы мен түріне байланысты, ас қорыту және зат алмасу дені сау мен ауру адамдарда ерекше.
Тамақты емдеу мақсатында қолдану емдік тамақтану (диетотерапия) деп аталады. Ол науқасты емдеу жоспарының бір бөлігі, алдымен ауру химиялық және механикалық аяушылық көрсету, бұзылған ағзаның қызметін қалпына келтіру үшін н\се сырқат ағзасына жететіндей қажетті қоректік заттарды өндіру үшін бір тағамды екіншісімен ауыстыру.
Емдәм (диета) – науқасты емдеу тәсілі ретінде н\се оны асқындырмау мақсатында жасалатын тамақтану рационы (тәулік бойғы тамақ мөлшері) науқастың ауырған кезеңіне байланысты құралды н\се алдын алу, әрі тамақтану тәртібі.
Емдік тамақтану әр түрлі асқынудың болдырмауын ескертеді және патологиялық процессті емдейді.
Дұрыс тағайындалған емдік тағам, ол да емнің бір түрі, ол үшін мыналарды ескерту қажет: тағамның құрамын, құнарлығын, тәулікті рационды (жалпы тағам мөлшері) және жеке алғандағы құрамының мөлшері: ақ уыз, май, көміртегі, яғни ыдырау кезінде, қаншалықты қуат бөлінуін, құнарлығымен өлшеу.
Дені сау адамға 28003000 құнарлылық қажет. Салмағын арттыру үшін жоғары құнарлы тағамдар, ал салмағын төмендету үшін – құнарлылығы аз тағамдар тағайындалады.
100 г тамақтағы ақ уыз, май, көміртегі азық құнарлығы (арнайы таблица бойынша есептеледі), яғни бұл тағамдарда қуат ошағы болып табылады.
Емдәм тағайындау кезінде аурудың шығу механизмін ескерту қажет, зат алмасуын, тағамның қорытылуын. Кейбір тағамдарды алып тастау, өйткені оны қорыта алмайды, ал, алынып тасталынатын тағамдар тітіркендіруі н\се жақпауы мүмкін.
Тағамның мөлшері, салмағы қызуы және түр түсі тағайындалған емдәмге сай болуы керек. Тағайындалған тәуліктік тағам мөлшері 3 кг аспау, емдік тағамдарда тағам мөлшерін көбейту н\се азайту ішілетін сұйықтық пен тағамдағы көміртегі өсімдік клетчаткаларына байланысты.