Мейірбикелік процесс құжаттарын жүргізу жолдары.
Бұл құжаттарды жүргізу тікелей мейірбикенің міндеті. Оны толтыру үшін қажет. Оны жазып, жүргізу үшін мынадай ұсыныстар беріледі:
Науқастын проблемаларын оның өз ауызынан жазып алу керек. Бұл сіздерге күтім мәселесін талқылауға мүмкіндік береді және күтім жоспарын жасауды жеңілдетеді.
Науқас екеуіңіз бірлесе отырып,не қажет екендігін, мақсатын көрсету керек. Өз пікіріңізді де нақты жазғаныңыз жөн. Науқасқа жақсы күтім жасауда атқар маңызы зор болатынын сіз түсінуіңіз керек.
Науқасты күту жөнінде жеке жоспар жасаңыз. Ол кезде стандартты күту жоспарына сүйенуіңізге болады. Сіздің жоспарды жасау уақытыңызды үнемдеп, мейірбикелік жоспарлауға ғылыми келуге және күтімді анықтауға мүмкіндік береді.
Науқасқа күтім көрсету жоспарыңызды сол науқастың тумбочкасында сақтаңыз. Ол сізгеде ыңғайлы, басқалай күтім көрсететін әріптестеріңізге, бригада мүшелеріне де пайдалы.
Жазуды жүргізу барысында жоспардың жүзеге асырылатын мерзімін (күнін, сағатын) көрсетіңіз. Әр жоспардың тараулары астына өзіңіздің қолыңызды қойыңыз.
Мейірбикелік процесті жүзеге асыру ұзақ мерзімді талап етеді.
Сондықтан құжатқа байланысты мынадай проблемалар да пайда болуы мүмкін.
Құжаттың жүргізу ескі әдісінен бас тартуға мүмкін болмайтыны.
Құжаттарды көшіру.
күтім жоспары ең басты мәселе – «көмек беруге» кері әсерін тигізуге керек. Оны болдырмау үшін құжатты жасау көмек көрсетудің табиғи даму процесінің бір тармағы деп қараңыз.
Құжаты жасауды өзімнің идеологиялық жұмысым деп біліңіз және ол мейірбикелік істің моделіне байланысты. Сондықтан ол өзгеруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |