Autocad-ң негізгі құралдары 1 Түзу сызықты кесінділер 2


Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы



бет9/10
Дата03.03.2022
өлшемі214,5 Kb.
#134273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Автокад

6.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы


Параллелепипед. Жасалу жолы:

  1. Surface панеліндегі Box батырмасына басыңыз.

  2. Specify corner point of box: шақыруына параллелепипед сол табанының координаталарын енгізіңіз.

  3. Specify length of box: шақыруына х өсі бойымен параллелепипед ұзындығын анықтаңыз.

  4. Specify width of box or [Сube]: шақыруына у өсі бойымен параллелепипед енін енгізіңіз, ал егер Cube параметрін енгізсеңіз, онда куб пайда болады.

  5. Specify height of box: шақыруына z өсі бойынша параллелепипед биіктігін енгізу керек.

  6. Specify rotation angle of box about z axis or [Reference]: шақыруына z өсі айналасында бұрылу бұрышын енгізсеңіз, сізде көлденең параллелепипед пайда болады. Егер тік параллелепипед құрғыңыз келсе, онда 0 енгізіңіз.

“Клин”. Жасалу жолы параллелепипедтың жасалу жолымен ұқсас, тек қана куб параметрі қолданылмайды, өйткені “клин” параллелепипедтің жартысы.
Пирамида. Пирамида түрі көп болғандықтан (төртбұрыш табанды, үшбұрыш табанды, қиғаш пирамида...), бұл бұйрықтың параметрі көбірек.
Жасалу жолы:

  1. Surfaces панелінде Pyramid батырмасына басыңыз.

  2. Specify first corner point for base of pyramid: шақыруына пирамида табанының кез-келген бұрышын белгілеңіз.

  3. Specify second corner point for base of pyramid: шақыруына табанның екінші бұрышын белгілеу керек.

  4. Specify third corner point for base of pyramid: шақыруына үшінші нүктені белгілеңіз.

  5. Specify fourth corner point for base of pyramid or [Tetrahedron]: шақыруына төртбұрыш табанды пирамида құрғыңыз келсе, төртінші бұрышты немесе үшбұрыш табанды пирамида құрғыңыз келсе Tetrahedron-ді таңдаңыз.

  6. Егер Tetrahedron параметрі таңдалған болса, Specify apex point of tetrahedron or [Top]: шақыруы шығады. Жауап ретінде үш қабырғаның түйісетін нүктені белгілеңіз. Немесе кесік пирамида құрғыңыз келсе Top параметрін енгізіңіз де пирамиданың үстіңгі бұрыштарын белгілеңіз. Ал егер төртбұрыш табанды пирамиданы таңдаған болсаңыз, Specify apex point of tetrahedron or [Ridge/Top]: шақыруы шығады. Бұл жерде қабырғалардың түйісетін бір нүкте “хребет” немесе Top параметрлі үстіңгі төртбұрыш енгізуге болады.



Конус. Жасалу жолы:

  1. Surfaces панелінде Cone батырмасына басыңыз.

  2. Specify center point of cone: шақыруына конус табанының орталық нүктесін белгілеу керек.

  3. Specify radius for base of cone or [Diameter]: шақыруына конус табанының радиусын немесе Diameter параметрін таңдап диаметрін белгілеңіз.

  4. Егер сіз кесік конус құрғыңыз келсе, Specify radius for top of cone or [Diameter]: шақыруына конустың үстіңгі шектің радиусын немесе диаметрін белгілеңіз. Немесе 0 енгізіп, толық конус құрыңыз.

  5. Конус биіктігін Specify height of cone: шақыруынан кейін енгізіңіз.

  6. Enter number of segments for surface of cone<16>: шақыруына болса, конустың сыртқы сегмент санын енгізіңіз. Ең минималды шама – 16.



Сфера. Жасалу жолы:

  1. Surfaces құралдар панеліндегі Sphere батырмасына басыңыз

  2. Specify center point of sphere: шақыруында сфераның орталық нүктесі сұралады.

  3. Specify radius of sphere or [Diameter]: шақыруы шыққанда, сфера радиусы не диаметрін (параметрді) енгізіңіз.

  4. Enter number of longitudinal segments for surface of sphere<16>: және кейін шығатын Enter number of latitudinal segments for surface of sphere<16>: шақыруларына сәйкес сфераның вертикальді және горизонтальді сегмент санын енгізіңіз. Ең кіші сегмент саны – 16.

“Купол”. Сфераның жартысы болғандықтан, оның жасалу жолымен бірдей. Тек горизонталь сегменттің максималды саны – 8.
“Чаша”. Сфераның астыңғы бөлігі. Оның да жасалу жолы бірдей.
“Тор. Жасалу жолы:

  1. Surfaces панелінде Torus батырмасына басыңыз.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет