Австралия материгі табиғатының қалыптасу кезеңдері мен климаты



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі4,36 Mb.
#96251
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
12-лекция Д-ж ФГ

Тектоникалық құрылымы


Платформалық құрылымның басым болуы Австралияда көбінесе жазық рельеф пен үсті тегіс сериялардың төменгі палеозойдан неогенге дейін таралуын алдын ала белгілеп берді. Материктің жартысынан көбін алып және Арафур теңізінің Үлкен Австралия шығанағы мен тағы басқаларының эпиконтинентальды бассейндеріне жапсарлас жатқан ежелгі Австралия платформасы архейлік және теменгі протерозойлық фундаментке ие онда алтынның, уранның, полиметалл рудаларының, бокситтің кендері бар. Фундамент материктің батысында, орталық бөлігі мен солтүстіпнде жер бетіне шығып жатыр. Қалған территорияда ол протерозой және палеозой жасындағы жамылғы шегіндінің астында жатыр. Бұл жамылғының ең қалың жері материктің соптүстігі мен батысындағы ежелгі синеклизаларда болады (Каннинг Ким­берли, Перт және басқалары).
Австралия мен оған жақын жатқан аралдардың пайдалы қазбалары Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Австралияның тау құрылысының өн бойында полиметалл, мыс, қалайы, алтын кен орындары бар. Тау бөктері майысуының палеозойлық қатпарлы құрылымдарында тас көмір мен қоныр көмірдің, сондай-ақ мұнай мен газдың көп корлары шоғырланған. Материктің көптеген аудандары үшін жанар тау әрекеті арқылы пайда болған әр түрлі жастағы жер бедері тән болады. Кайнозой жасындағы (үстірт, вулкандық таулар) вулканогендік түрлер негізінен шығыстағы тау күрылыстары бар жерлерде кездеседі.
Материктің солтүстік-батысында палеозойдағы жанар тау әрекеті нәтижесінде Антрим үстірті түзілді. Жаңагвинея-Жаңазеландия аймақтарының аралдары үшін қатпарлы және жақпарлы-қатпарлы жас таулардың вулканды үстірт және вулканды таулармен (әсіресе Жаңа Зеландияда), жас аккумулятивті жазықтармен үйлесе таралуы тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет