Қосымша әдебиеттер: Таңатарова Қ. Оқытудың тиімді әдістері/ Қазақстан мектебі 2000, №5-6, 16-17 б.
Махатова Г, Бекманов Қ Жаңа әдістер оқу үрдісінде/ Қазақстан мектебі 2001, №11-12, 22-23 б.
№11 дәріс тақырыбы:Дамыта оқыту технологиясы
Жоспар: Инновациялық оқыту мазмұны
Шетелдік және отандық білім беру технологиялары және бағдарламалары
Шетелдік білім беру технологияларын енгізу тәжірибесі
4. Дамыта оқыту технологиясының шығу тарихы, сипаттамасы
1. Инновациялық оқыту мазмұны 2030 жылға дейін орта мектептің білім беру стратегиясы – оқыту мен тәрбиенің міндеті және білім берудің негізгі сатысы ретінде жаңа халықтық модельмен қамтамасыз ету мақсатын жүзеге асыру қажет деп көрсетеді.
Орта мектепте білім мен тәрбие беру, оқытуды ұйымдастыруда жаңа альтернативтік тип – инновациялық оқытуды қажет етеді. Дж. Боткин инновациялық оқытудың мазмұнын түсіндіре отырып, оның нормалы оқытудан айырмашылықтарын анықтайды. Яғни, нормалы оқыту «қайталанбалы ситуацияларды әрекеттің ережесін меңгеруге бағытталған», ал инновациялық оқыту «болып көрмеген ситуацияларға қабілеттерін дамытуды көрсетеді».
Сонымен инновациялық оқыту – тұлғаның дамуына бағытталған ғылыми және мәдениеттілік білімдерін қолдау негізінде жүзеге асырылатын оқытудың ұйымдастырылған және жобаланған процесі.
Инновациялық оқытуға көшу жаңа технологияларды, яғни әр түрлі бағыттағы альтернативтік әдістемелерді, бағдарламаларды, әдістерді қолданусмен түсіндіріледі. Барлық осы жаңа тәсілдерді «педагогикалық технология » түсінігің астарына енгізуге болады, яғни ол «әдістеме» немесе «бағдарлама» түсініктеріне қарағанда кең және адамдық, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, жаңа білім беру мен тәрбиелеудіңмазмұнын түсіндіреді.
«Педагогикалық технология» қазіргі кезде психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылатын түсініктердің бірі. Білім беру технологияларын қолдану және өңдеу мәселелеріне байланысты арнайы әдебиеттер ұсынылуда және ғылыми-практикалық форумдар өткізілуде.
Қарастырылып отырылған түсініктің, яғни педагогикалық технология түсінігінің әйгілілігін әр түрлі түсіндіреді. Кейбір зерттеушілер оқыту мен тәрбиенің жоғары нәтижелеріне жетудің құралы ретінде бағаласа, екіншілері, жаңа педагогикалық технологияға көшу – білім беру алдында тұрған өзекті және перспективтік міндеттерді шешудің заңды процесі дейді.
Селевко Г.К. білім беру технологиясының классификациясын негізге ала отырып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізуге болатын педагогикалық технологияларды түсіндірген. Инновациялық мектепке дейінгі бағдарлам арсеналы кең емес, өйткені олардың құрылуы мен енуіне көп уақыт болған жоқ.