Ақпарат – Информация;information) – 1) таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлетiн белгiлi бiр объектiлер, құбылыстар немесе жан-жануарлар дұниесi туралы мағлұматтар. 2) есептеу техникасында – компьютерге енгiзiлетiн, оның жадында сақталынатын, қажет кезiнде өңделiнетiн және сыртқы ортаға берiлетiн мәлiметтер жиыны.
Ақпарат берушi (Информатор;informator) –1) қандай да бiр бiлiм немесе өндірiс саласында ақпараттық қызмет атқаратын маман. 2) пайдаланушыға автоматтық түрде хабар жеткiзетiн жүйе. 3) қолданбалы бағдарламалар бумасының құрауышы. Ол берiлген бумамен мәселенi шешу барысы туралы хабар беруге арналған.