Ақпаратты сақтау және iздестiру (Сохранение и поиск информации; information storage and retrieval) – ақпаратты сақтау дегенiмiз келешекте пайдалану үшін оны қосалқы сақтауыш құрылғы – магниттiк таспаға немесе магниттiк дискiге жазып алу. Сақтау – ақпаратпен жүзеге асырылатын негiзгi операциялардың бiрi және бiр шама уақыт аралығы өткеннен кейiн оны қайта пайдалануға қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн негiзгi тәсiл. Ақпаратты iздестiру дегенiмiз сақталған ақпаратты тауып алу және оны өңдеу мақсатында жүзеге асырылатыннегiзгi операциялардың бiрi.
Ақпаратты сақтау құрылғысы, жинақтағыш – Устройство хранения информации, накопитель (Storage device) –сіз файлдарды сақтайтын құрылғы, мысалы, қатқыл дискі, жинақы дискі, таспалық пен оптикалық жетектер.