Ақпараттеориясындағыбит – Битв теории информации – екі тең ықтимал хабарды ("жаңа"–"ескі", "жұп"–"тақ" және т.б. типті) ажырату үшін қажетті ақпарат мөлшері. Компьютерлік техникада бит деп мәліметтер мен командаларды машинаішілік ұсынуға пайдаланылатын "0" және "1" екі таңбаның бірін сақтауға қажетті компьютер жадының ең аз «үлесін» айтады.
Ақпаратқа қатынас құру (Доступ к информации;access to information) – ақпаратпен танысу, оны өңдеу (көшірмесiн алу, жою немесе мағынасына тимей ақпаратқа өзгерiс енгiзу).
Ақпаратты басқару тiлi (Язык управления информацией;control language information) – ақпараттық базаға қатынас құруды және мәлiметтердi iздестiру мен өңдеуге байланысты операцияларды орындауды жасақтайтын ақпараттық iздестiру тiлi.
Ақпаратты қорғау (Защита информации;protect information) – 1) мәлiметтерге, бағдарламаларға, аппаратураларға рұқсатсыз қатынас құруға жол бермеу. 2) мәлiметтер мен бағдарламаларды жоғалтпай, олардың тұтастығын сақтау. Құрылғылардың электрмен қоректенуi кенет ұзiлген жағдайда да, ақпараттың дискiге жазылып, тұтас сақталуын қамтамасыз ету.