Болжамдық нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін белгілі ретпен орындалатын, операциялар мен процедурасымен педагогикалық процесті тұрғызудың жүйелік тәсілі
Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс, тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.
Оқытушының педагогикалық шеберлік компоненті: педагогикалық іс-әрекет жүйесі ретінде оқу-тәрбие процесін жобалау мен жүргізу дағдылары
Оқу орнындағы біртұтас білім беру процесі: оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, әдістерінің жиынтығы (педагогикалық жүйе)
2. «Технология» сөзінің мағынасы: techne - өнер, шеберлік + logos – түсінік, ілім, білім, ғылым. Барлығы қосылып адамның нақты қызметіндегі ең жоғарға білім деңгейін ашады.Білім беру технологиялары дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін бірнеше анықтамаларды қарастырамыз.
Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері бойынша білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.
Технология дегеніміз – білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз – тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.